Әлемдегі ең кішкентай жылқы - Тамбелина

Oinet.kz 25-07-2019 1395

Screenshot_4.jpg

Тамбелина  - әлемдегі ең кішкентай жылқы. Оның салмағы 26 келі, бойы 45 сантиметр. Гиннестің Рекордтар кітабына енген жылқының иелері  Миссури штаты  Сент-Луис фермасындағы Гесслингтер  отбасы. Мал өсіруді ертеден кәсіп еткен Гесслингтердің отағасы Майкл Тамбелинаның дүниеге келген сәтін ұмытпапты. «Құлыншақ 2001 жылдың 1 мамырында туылды. Салмағы небәрі 3,5 келі болатын. Байғұс жануар өте әлсіз болды»,- дейді ол. Әлжуаз құлыншақ алғашқы жылы 44,5 сантиметрге дейін өскен. Кейіннен өсуін мүлдем тоқтатыпты. Сүйкімді жылқыны қомақты қаржыға сатып аламын деушілер  көп болған екен. Алайда мал иелерінің мұндай ойлары жоқ. Өкінішке қарай дене бітімі иттен асып түспейтін ат небәрі он жылдай ғана өмір сүреді.  

Қай елде вокзал, әуежай жоқ екенін білесіз бе?
638 рет қастандық жасалған Президент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу