Техас штаты жөнінде қызықты деректер

Oinet.kz 17-07-2019 1076

Depositphotos_180321106_m-2015.jpg

  • Техас американдық штатының жалпы көлемі 700 000 шаршы километрді құрайды. Бұл, Ресейді есепке алмағанда, Европадағы кез келген мемлекетпен теңесетін көрсеткіш. Ал, АҚШ-та Техас тіпті ең үлкен штат дәрежесіне де претендент емес, ең үлкен штат Аляска штаты болып табылады.

  • Техас 9 жыл бойы (1836-1845) тәуелсіз мемлекет болып есептелінген. Сондықтан да Техас АҚШ құрамына тәуелсіз ел ретінде кірген. 2009 жылы штат губернаторы Рик Перри Техастың АҚШ құрамасынан шығу еркі бар екенін атап өтті.

  • Техаста родео ресми спорт түрі болып есептелінеді. 

  • 2018 жылы Техас университетінің ғалымдары арықтататын дәріні ойлап тапқанын хабарлағанын болатын. Бұл тұста, адамның қаншалықты тамақтатыны рөл ойнамайтын көрінеді. Мұндай дәрілердің ойлап табу да елдегі артық салмақтың мөлшерден тыс болғандығынан туындаған. Штаттың үштен екі бөлігі артық салмақпен ауырады.

  • Штаттағы Эль-Пасо қаласы әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарына кіреді. Алайда, қаладан 2 миль жерде орналасқан Рио-Гранде қаласы аса қауіпті екені қызық жайт. Жалғыз 2009 жылдың ішінде бұл қалада 2635 адам қинfп өлтірілген.

  • Техас тұрғыны МаркДжордан тартылудан әлем рекордының иегері атанған. 2014 жылы қараша айында өткен сайыста бір күнде ол  4321 рет тартылып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. 54 жасқа келген спортсмен спортпен айталысуға ешқашан кеш емес екендігін айтады. Рекордқа енбес бұрын спортсмен небәрі 1 жыл дайындалғанын айтқан.

  • 2016 жылы 1 қаңтар күні штат тұрғындары қаруды еркін алып жүруге мүмкіндік алған. Кез келген техастық арнайы курстан қару қолдану тәсілін меңгеріп, қаруды еркін қолдана алады. Қаруды көпшілік орындарда ұстап жүруге де рұқсат етілетін көрінеді.

  • 1963 жылы 22 қарашада штаттың Даллас қаласында АҚШ президенті Джон Кеннеди өлтіріледі. Қазір, қайғылы жағдай орын алған, қылмыскер Ли Харви Освальд деген қылмыскер президентті атып өлтірген кітап қоймасының 6-қабатынан мұражай ашылған.

Алтын неге қымбат?
Денесі тоқты сезінбейтін бозбала жайлы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу