«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Бірінші орын – Францияда. Жылына бұл елге 76 миллионнан астам турист келеді екен. Әрине, көпшілігі әйгілі Эйфель мұнарасын көруге асығады. Париждің басқа да қызықты жерлері көп: Лувр, Луара сарайы, Елисей алаңдары. Екінші орынға Америка Құрама Штаттары жайғасыпты – жылына 69 миллион турист. Әрине, атақты Америкаға кім барғысы келмейді? Нью-Йорк, Лас-Вегас, Майями.... қысқасы, аралайтын қалалар аз емес.
Шығыстағы көршіміз – Қытайға жыл сайын 57 миллионға жуық адам барады. Көбісі - экзотикалық демалыс іздейтіндер. Төртінші орындағы Испанияға жыл сайын 52 миллионнан астам шетелдік азамат келсе, олар бірінші кезекте Барселона, Андалузия мен Кастилья қалаларын аралауға құмар.
Сондай-ақ, туристерді ең көп қабылдайтын елдердің қатарына Италия, Түркия, Мексика, Ұлыбритания, Германия мен Малайзия кіреді.
Қазақстанға қатысты нақты дерек жоқ. Жыл сайын елімізге 7 миллионнан астам шетелдік азамат кіреді деген мәлімет таралғанымен, олардың барлығын турист деп айтуға аузымыз бармайды. Әлбетте, басым бөлігі жұмыс іздеп немесе ағайын-туыстарына қонаққа келгендер. Ал нақты демалу үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұратын шетелдік туристердің саны орта есеппен 30-40 мың адамды ғана құрайды.
Туристер ең жиі баратын елдер:
(адам саны)
Франция 76,8 миллион
АҚШ 69 миллион
Қытай 57 миллион
Испания 52,7 миллион
Италия 43,6 миллион
Түркия 37 миллион
Мұрағаттан, 2016 ж