Әлемде әйелдерге арналған қандай мерекелер бар?

Oinet.kz 12-07-2019 1102

Screenshot_9.jpg

          Көктемнің алғашқы айымен ілесіп келетін шуақты мереке 8 наурызда әйелдер қауымының бір жасарып қалатын күні. Бұл мереке жер шарына таралған ауқымды мейрам. Десек те нәзік жандыларға арналған халықаралық деңгейде тойланатын мереке жалғыз емес екен. 

       25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні. Доминикан Республикасында қастандықпен өлтірілген апалы-сіңлілі Мирабельдердің қазасы мерекенің пайда болуына себеп болды.  Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дүниежүзінің барлық жерінде таралған және барлық қоғамда кездесетін жағдай. Дамыған мемлекеттердің өзі әлі күнге мұнымен күресіп келеді. 

       15 қазан – Халықаралық Ауыл әйелдерінің күні. Аталмыш датаны атап өту идеясы 1995 жылы Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 4-ші әйелдер конференциясында ұсынылды және сол жылдан бастап аталып келеді. Ауыл әйелдері жер шары тұрғындарының төрттен бір бөлігінің астамын құрайды екен. Аталмыш мереке ауыл әйелдеріне шексіз қарыздар екендігімізді және олардың еңбектері қажетті екендігін қоғамның есіне салуға үндейді.

       Ал 9 – тамызда  Оңтүстікафрикалықтар Ұлттық әйелдер күнін атап өтеді. 

«Ақыл тістің» ақылға қатысы бар ма?
Туристер ең жиі баратын елдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу