Амазонка өзені жайлы не білеміз?
Фотода Амазонка өзені
Өзендер қайдан пайда болады? Өтпелі жаңбырлардан, қан еруінен, жер асты судың қалдықтары жерге сіңбей, жердің бетіне қайтып шығып, бетінде кішкене бұлақтарды құрайды. Олар біріне-бірі кездесіп, қосылады да, сөйтіп су мөлшері көтерілген соң, үлкен өзендерге айналады. Өзендер де жолда біріге отырып, жолдарын теңіздерге бағыттайды.
Өзендер барлық құрлықтарды аралай-жағалай өтіп, оларды сумен сіңіреді. Өзен-көлдер тек өсімдіктер мен жануарлардың ғана емес, адамдардың да өмірінің бастауына айналды.
Амазонка туралы не білеміз?
Бұл өзеннің ауданы ең үлкен бассейннен құралған. Яғни Амазонканы өзендердің өзені деп те атауға болады. Оны ауданы соншама үлкен, тіпті картада Австралия құрлығымен бірдей болып орналасқан. Ауданы 7,6 миллион шаршы километр. Недеген таңғажайып өзен десеңші?!
Тағы да айтсақ! Амазонка – толыққанды өзен суы деп есептеледі. Бұл нені білдіреді? Онда су мөлшері өте көп! Әлемдік мұхитқа қаншама өзендер су құйса, соның 20% Амазонка өзі құяды. Оның суы өте ащы және басқа суға да сіңуі бірталай. Міне, Амазонка осындай тамаша өзендерді бірі болып есептеледі.