Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Сағыз тазалықтың, экологияның нағыз жауы десек те болады. Өйткені ол жабысқан жерінен оңайлықпен кетпейді. Ең таза қала дегеннің өзінен көшеден, қоғамдық орын, тіпті мектеп парталарына жабыстырылған шайнағыш резеңкені байқауға болады. Сағызды көшеде, қоғамдық орындарда тастау көптеген елдерде ұсақ құқық бұзушылыққа жатады. Ал кейбір елде қабырғаға сағыз жабыстыру дәстүрге айналған. Мәселен АҚШ-та «Bubble gum wall» деп аталатын «ұлттық» өнер бар. Яғни сағыз жабыстыру өнері.
Вашингтондағы театрда үнемі кезек көп болатын. 1993 жылы сырттағы мезі болған сондай кезектің бірінде америкалық азамат іші пысып театрдың қабырғасына сағызбен қоса тиынды жабыстырып қояды. Зеріккен өзгелер оның қылығын қайталап, қабырға әп-сәтте түрлі-түсті сағызға толып кетеді. Театр басшылығы бұл сұмдықты тоқтатуға тырысқанымен ештеңе шықпады.
Қайта сағыз жабыстыруға келген жастардың қатары күн сайын көбейе берді. Ақыры бұл дәстүрге айналып, бүгінде бұл қабырға туристердің тамашалайтын аймағына айналған. Қабырғадан сағыздан жазылған түрлі әріп, бейнелерді байқауға болады.