Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 13-11-2020 4111

Жұлдыз жорамал | Сенің бүгінгі жұлдызнамаң қандай? | Жұлдызнама

♈ Тоқты

Тоқтылардың күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Тоқтыдан асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. 

♉ Торпақ

Ол көңілді, тартымды және адамдарға ақыл айтқанды жаны сүйеді. Әдемі заттарға жаны құмар, өнерге әуес және талғамы жоғары. Оның жүрегін бағындыру үшін сен сәнмен киінетін, басқалардың назарын өзіңе аудара алатын, жарқын да көрнекті болуға тиіссің. Бұл торпақтарға өте қатты ұнайды. 

♊ Егіздер

Бұл күн қарым-қатынас құруға ең қолайлы уақыт. Егер сіздің ұнатып жүрген адамыңыз болса, онда еш қорықпастан ілгері жүріп, танысыңыз . Себебі бұл кезең барлығы өз жолымен қарқын алатын сәт. 

♋ Шаян

Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген егіздер үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады.Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.

♌ Арыстан

Жұлдыздардың шапағатымен бұл КҮН – саған және отбасыңа кіріс КҮНІ болмақ. Материалдық байлықпен қатар рухани байлықты да ойлайтын кез туды. Көп еңбек етсең, жемісін де жейтін сәтті кезең.

♍ Бикеш

«Қыз еркем кестесімен көркем, ұл еркем өнерімен көркем». Қайсар жан екеніңізді естен шығармаңыз. Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, күннің екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты күнде көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Сонымен қатар оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз,бұл күн сол армандар орындалатын сәтті күн болмақ. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Бәрі сізден үлгі аларлықтай жақсы шаруа бітіріңіз. Жаныңыздағылардың көңіліне қараңыз, сізге ренжулі жандардың санын арттырып алмаңыз. 

♎ Таразы

Бейтаныс аддамдардан аулақ жүргеніңіз абзал. Күніңіздің жақсы өтуі тек өзіңізге байланысты. Көбірек демалғаныңыз абзал. Достарыңызбен хабарласыңыз, қонаққа шақырыңыз ,сырыңызбен бөлісіңіз. Ал кешкісін сүйгеніңізбен саябаққа серуендеп, таза ауада демалғаныңыз жөн. 

♏ Сарышаян

Бұл күні бірінші кезекке отбасы мен үй шаруасын қойған дұрыс болады. Белсенділігіңізді қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең қымбат деп бекер айтылмаған. Күннің ортасы мен соңында жан дүниеңізде көптеген өзгерістер болуы мүмкін. Бірден жоғарыға ұмтылудың қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек екендігін анықтап алыңыз. Шаршасаңыз, өзіңізге демалыс жариялаңыз да табиғат аясында тыныстап қайтыңыз. Ляззат, шабыт сезіміне кенелесіз. 

♏ Мерген 

Бұл күні Оптимизмнен қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге бой берсеңіз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін. Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек. Имандылығыңызды арттырыңыз. Нағыз шешуші кезеңге жетіп қалғаныңыз есіңізден шықпасын

♑ Тауешкі

Жүрген ортаңызда мерейіңіз үстем болып, дәрежеңіз арта түседі,. Ең бастысы – басқаны тыңдаудан бас тартпаңыз. Дәрежеңіздің көтерілуі соған байланысты. Махаббат мәселесінде анау айтқандай қиын мәселе болмайды. Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Бұл күн сізден көп мөлшерде сабырлық пен төзімділік күтеді. Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал күннің екінші жартысында Сенімді жұмыс тапсырылмақ! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз. 

♒ Суқұйғыш

Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз.  Бұл күн сізден төзім мен ақылды қажет етеді. Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы - өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Екінші жартыңыз сізді үнемі қолдап, құлшынысыңызды арттырып отырады. «Баламен дос болсаң бала боларсың, қариямен дос болсаң дана боласың». Айналаңызда қандай адамдар жүргенін қараңыз. Осы күні өзіңізге деген сенімділік пен белсенділігіңіздің арқасында мансабыңызды өсіреді. 

♓ Балықтар

Егер өміріңізде көптеген қиындықтар туып жатырса, оған бола уайымдамаңыз. Аллаһ сізді сынағысы келген болар. Өзіңізден жақсы білесіз, бақыт ешқашан оңай жолмен келмейді. Бақытты болатын адам барлық қиындықтарға қарсы тұра білу керек. Сіз оған қиналмай ақ қарсы тұрасыз. Өйткені сіз өте мықты әрі батыл жансыз. Көп ұзамай бақытыңызды да кездестіріп қаласыз.

Психологиялық тест: «Ақ мамық қардың бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Сізге болашақтан жолданған хаттың бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу