Психологиялық тест: «Ақ мамық қардың бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 12-11-2020 6939

image.png

1. Қар

Сіз үнемі еркіндікке ұмтыласыз. Дене мен сананы босаңсытып, демалуға болатын тыныш жерді іздейсіз. Ішкі дауысыңызға сенесіз. Бір мезетте бәрінен бас тартып, өмірді жаңадан бастай аласыз. «Жаңа өмір жолында» дұрыс бағытта келе жатқаныңызға үнемі сенімді бола алмайсыз. Көбіне уақытыңыз күнделікті шаруаларды құнттаумен өтетіндіктен, тыныштық пен демалуға мүмкіндік жиі бола бермейді.

Жалғыз қалып, тыныққан уақытымызда денеміздің энергиясы өзгере бастайды. Бұл қызықты идея мен жоспарлардың тууына әсер етеді. Бірінші періштелер қары саналады. Сондықтан, сіз бейсаналы түрде «басқа әлеммен» байланысты сезесіз. Бейтаныс күштердің сізге көмектесіп, кеңес беруін күтесіз.

2. Қар

Бұл қарды ұнатқан адамның өмірінде өзгерістер басталды. Олар өмір сүру салты, мекен жайы, жұмыс орнына қатысты болуы мүмкін. Ішкі энергияңыздың күштілігі барлық мәселелерді орын-орнына қойып, шешуге көмектеседі.

Уақыт өткен сайын даналығыңыз артып келеді. Жаңа білім алу да сізге оңай. Бұрын санаңыз уайым мен мұңға толы болса, қазір оның бәрін еркіндікке жіберіп, болашақты жиірек ойлайсыз. Өмірде болатын өзгерістердің көмекші екенін түсінесіз. Расында да кез келген өзгеріс (жақсы болсын, жаман болсын) бізді мақсатқа итеретін күш. Екінші қар молшылық пен берекенің тасы. Сондықтан, өз бақытыңыз бен табысты іздеу жолында міндетті түрде мақсатқа жетесіз. Қар сәтсіз махаббаттың аяқталып, жаңа романтикалық сезімнің тууына әсер етеді. Сіздің ұраныңыз: «Табысты болуға дайынмын. Негативтен арылуға дайынмын. Бақытымды кездестіруге дайынмын!»

3. Қар

Сіз әр атқан таң үшін риза екеніңізді, таңертең ояна салып, тамаша күнді бастауға дайын екеніңізді және өміріңізде сізді жақсы көретін, сіз құрметтейтін адамдардың барына риза екеніңізді ойлаңыз. Бойыңыздағы әр жасуша қуанышқа толы екенін сезе білетін болсаңыз, өміріңізге жақсы, жағымды жайттарды көптеп тартасыз. Бұл өмірлік мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Егер бақытты өмірді аңсаумен жүрсеңіз, көп күтпей арманыңызға қол жеткізетіңізге күмәнданбаңыз.

4. Қар

Бұл қарды таңдаған адамның бейсанасы «Айналамдағы негативтен арылып, бақытты адам болуға дайынмын» деп тұншығуда. Арман аспанынан жерге түсіп, қолда барды бағалап, риза болуға тырысасыз.

Қызғаныш, мұң, реніш адамды жегідей жеп, кедей ететінін ұмытпаңыз. Негативті ойлар сананы улайды. Алайда сіздің энергетикалық блоктарыңыз тез жойылады. Жақын арада негативтен арылып, бақытқа кенелуге күш-қуат табасыз. Бақытты адамның барын бағалап, жоғын жоқтамайтын тамаша қасиетңіз бар екенін түсінесіз.

5. Қар

Егер сізге бесінші қар ұнаса, демек жақын арада түсіңізде белгілі бір ойлар, сандар ретінде аян көресіз. Қазір ішкі дауысыңыз бағыттаған жолмен жүріп келесіз. Бұл дұрыс. Сондықтан «интуицияның» барын мойындап, оны тыңдай білуді үйреніңіз. Ол табысқа жету жолын жеңілдетеді.

Егер ұйқысыздықпен ауырсаңыз, демек күні бұрын сезу қасиетіңізді жоққа шығарасыз. Әйгілі «алтыншы сезімнің» барын мойындап, құлақ түруге тырысыңыз. Сонда көптеген қате шешімнің алдын аласыз. 

6. Қар

Қазір өмірді қызықты оқиғалар мен ойын-күлкіге толтырар кезең. Егер сіз осы қарды таңдасаңыз, демек ішкі дауысыңыз «мен ойнап, күлгім келеді!» деп дауыстауда. Демек ұзақ уақыт бойы сіз мұңайып, қапаланып, уайымдаумен болдыңыз.

Алтыншы қар әр адамның рухани жаратылыс екенін еске салады. Өмірді қуанышқа толтырып, қызықты етуге тырысу керек екенін жар етеді. Тіпті ең ауыр деген мәселенің шешімі бар екенін еске түсіреді. 

Аспан түсінің көк болу себебі
Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу