Амазонканың қауіпті тіршілік иелері

Oinet.kz 24-08-2020 987

Амазонка өзенінің алқабы жыртқыштары кең таралған әлемдегі ең қауіпті жерлердің біріне жатады. Бұл өзен суларында қандай жыртқыштар мекендейтініне және олардың неліктен қауіпті болып саналатынына тоқталып өтейік.  

Қара кайман   

Қара кайманды стероид қолданған қолтырауын деп қарастыруға да болады, себебі оның ұзындығы 6 метрге дейін жетеді екен. Каймандар Амазонканың ең ірі жыртқышы болғандықтан, көзіне түскеннің бәрін жей алатын қабілетке де ие.  

Өгіз-акула   

Өгіз-акулалар көбінесе мұхиттың ащы суларында мекендегенімен, оларды тұзшы суда да кездестіруге болады. Бұл жыртқыштардың Амазонканың ағыстарымен теңізден 4 мың шақырым қашықтықта орналасқан Перудегі Икитос қаласына дейін жеткендігі туралы да мәлімет бар.Тістеу күші 589 килограммға дейін жететін 3 метрлік жыртқыштардың ірі жақтары мен өткір тістеріне ешбір тірі жан төтеп бере алмайды.  

Су айдаһары (анаконда)   

Амазонканың тағы бір ірі құбыжықтарының бірі – әлемдегі ең ірі жылан болып саналатын әйгілі анаконда. Салмағы 250 килограммға дейін жететін анаконда ұрғашысының ұзындығы 9 метрді, ал диаметрі 30 сантиметрді құрайды. Бұл жыртқыштар көбінесе таяз суды жақсы көретіндіктен, негізінен, өзеннің өзінде емес, оның тармақтарында мекендейді.  

Арапаима   

Ірі жыртқыштар қатарына кіретін арапаима қабыршақпен қапталғандықтан, пираньялар арасында өзін емін-еркін сезініп, балықпен және құстармен қоректенеді. Бұл ірі балықтардың ұзындығы 3 метрді құрайды, ал салмағы 90 килограмм болады.  

Кәдімгі ванделлия немесе кандиру   

532ccc075471af5c79e9e4c31aaece9e.jpg

Сыртқы көрінісі өте қарапайым, әрі жыртқыштарға тән болмағанымен, жергілікті халықты үркітетін бұл кішігірім паразиттік жайындар несеп жолы арқылы судағы адамның денесіне кіріп, инелері арқылы ұсталынып, шықпай қояды.  

Электрлі жыланбалықтар   

Қуаты 600 вольтке дейін жететін электрлі разрядтарды шығара алатын қабілетке ие 2 метрлік құбыжықтар адам үшін өте қауіпті болып табылады. Себебі бұл қуат кәдімгі американдық розеткадағыдан 5 есе көп болғандықтан, адамды ғана емес, атты да жерге түсіретін күшке ие. Егер олар электрлік разрядпен бірнеше рет ұрса, адамның тыныс жолы тарылып, есінен таңып, суға батуы мүмкін.  

Кәдімгі пираньялар   

Амазонканың ең қауіпті жыртқышы болып саналатын кәдімгі пиранья кез келген адамның бойында үрей тудырары анық. Голливуд фильмдерінде жиі кездесетін бұл жыртқыштар, негізінен, жемтік жейді. Бірақ олар тірі ағзалармен де қоректенгендіктен, екі жағының арасындағы тістеген етін еш шығармайды.  

Скумбрия тәріздес гидролик   

Ұзындығы 1 метр болатын гидроликтерді қансорғыш балықтар деп те атайды. Бұл балықтардың төменгі жағында ұзындығы 15 сантиметрге дейін өсетін 2 өткір азуы бар. Азуларын олар шабуыл жасаған тіршілік иесіне қадалу үшін қолданады екен. Азу тістерімен өздерін зақымдап алмаулары үшін олардың үстіңгі жақтарында арнайы тесіктері бар.  

Құба паку   

Адамның тістеріне ұқсас тістерге ие бұл балықтар пираньялар тектес ірі балық болып саналады. Алайда пираньяларға қарағанда, бұл балықтар жемістер мен жаңғақтарды да жейді екен. Құба пакудың бір ерекшелігі олар ағаштан түскен жаңғақ пен ер адамдардың сыртқы жыныс ағзаларын ажырата алмайды, сол себепті де адамдар үшін өте қауіпті жыртқыштар қатарына енеді.  

Бразилиялық кәмшат   

Ұзындығы 2 метрге дейін өсетін бразилиялық кәмшаттар, негізінен, балықтар мен теңіз шаяндарын жейді. Қоректену мақсатында топтасып шабуылдаумен ерекшеленетін кәмшаттар өздерінен анағұрлым ірі анакондалар мен каймандарды да жегені белгілі болғандықтан, оларды «өзен қасқырлары» деп атап кеткен.

Нөл санының табылуы мен маңызы
Ұзақ уақыт суда болғанда саусақтарымыз бен бармақтарымыз неге жиырылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу