Ұзақ уақыт суда болғанда саусақтарымыз бен бармақтарымыз неге жиырылады?
Ваннада ұзақ уақыт болған кезіңізде саусақтарыңыз бен бармақтарыңыздың терісі неліктен жиырылып қалатыны жайлы ойландыңыз ба?
Ғалымдар бастапқы кезде мұның себебі деп терінің беткі қабатының ісінуін атаған еді. Терінің беткі қабатына су кіргеннен кейін ол айтарлықтай өседі, бірақ ол терінің кеңейетін қасиеті жоқ астыңғы қабатымен байланысып тұрғандықтан, терінің сыртқы қабатына әжім түседі, осылайша ол өзінің созылатын қасиетін көрсетеді.
Алайда 1935 жылы кейбір дәрігерлер жүйкесіне зақым келген науқастардың саусақтарының терісі жиырылмайтынын байқапты. Сөйтіп, олар саусақ терілерінің жиырылу себебі деп жүйке жүйесінің суда ұзақ уақытта болуына әсері деп көрсетті.
Нейрологтар ағзаның жоғары ылғал деңгейінде заттармен және сыртқы бетімен жақсырақ әрекеттесуін қамтамасыз етеді деп есептеді. 2013 жылы ғалымдар зерттеу жүргізеді. Онда саусақтары әжімделген және әжім түспеген адамдардың ылғалды және құрғақ түрлі заттарды көтеруі керек болды. Сөйтсе, саусақтары жиырылған науқастар ылғалды заттарды 12 пайызға жылдамырақ көтерген.
Саусақтың әжім түскен терісі автомобиль дөңгелектерінің протекторлары секілді қызмет етеді, сол арқылы біз заттарды жақсы ұстай білеміз және жылдамырақ қозғаламыз.