Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Су екі әріптен тұрса да тіршіліктің ең маңызды қажеттілігі. Судың маңызы туралы барлығы бірдей біле бермейді. Су сутегімен оттегінің қарапайым қоспасы. Су қарапайым екі атомның қосындысы болғанымен, жердегі бүкіл тіршілік иесінің тарауына және дамуына үлкен әсері бар. Ғалымдар басқа планеталарды зерттегенде тіршіліктің бар екенін білу үшін суды іздейді.
Су арқылы қазірге дейін кеме қатынасы аса маңызды жүк тасымалын реттейді. Мысалы, Христовор Колумбтың Американы ашуы. Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан бастау керек деп шешті. Ол Жердің шар іспетті екенін білетін-ді. Егер олай болса Батысты бетке алып жүзе берсе, қайткен күнде де Үндістаннан барып шығатынын жорамалдады. Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың ісі» саналатын. Әлі ешкім сырын білмейтін мұхит арқылы кіп-кішкентай кемесымақпен жүзіп өтемін деу шынында көзсіз ерлік еді. Ұзақ жылға созылған қиындықтардан кейін, ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерінің назарын аударды.
Су арқылы тазалық қамтамасыз етіледі. Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар, тіпті адам, жаратылыс біткен судың әсерімен тіршілігін жалғайды.
Жер беті жағдайында тек су ғана 3 күйде кездеседі.Сондықтан ол Жер бетіндегі географиялық қабықтарының барлығында кездеседі.
Су — жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді. Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 65 пайыз судан тұрады екен. Судың адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен.
Адам организміндегі судың “міндеттері ” мыналар:
– дене температурасын реттейді;
– адам терісіне оттегі мен қоректік заттар тасымалдайды;
-тамақты энергияға айналуына әсер етюді;
-қоректік заттардың керекті органдарға жетуге көмектеседі;
– адам организмінде жиналған қалдықтар мен шлактардың шығуына әсер етеді.
Тұщы таза су – байлық
Жер шарындағы барлық судың2% ғана тұщы, ал қалған 88 %ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауызсу – ішуге жарамды су.Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсу¬дың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.
Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Сондықтан қазірде суды үнемдеу басты назарда. Жаңбыр суын ауыз суға жарамды ету, мұхит суын өңдеуге тырысу секілді ғылыми ашылулардан тыс та үнемшілдік керек. Ол үшін күнделікті тұрмыста суды ысырап етуді тиған жөн.
Суреттер ашық дереккөзден алынды