Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 01-10-2019 1013

Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол!

03.03.2013Редакция

2 Votes

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Төлеген Гүлшат Бақытқызы

Сабақтың тақырыбы:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес   нәрсеге асық бол!

Сабақтың  мақсаты:

І.Қазақ  халқының ұлы ақыны  Абай өмірімен  таныстыру.  «Бес нәрседен   қашық   бол,бес нәрсеге   асық бол»  сөздерінің   мәнін ашып меңгерту,ой-өрісін  кеңейту.

ІІ.Сөйлесу  мәдениетін қалыптастыру,сөздік   қорын   дамыту,тіл байлығын  молайту.

ІІІ.Жақсы мен жаман  әдет-қылықтарды  ажырата   білуге,бойларына  жақсы  қасиеттерді жинай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Абай  суреті  , нақыл  сөздер , тақырыбы   жазылған буклет,  плакаттар.

Сабақтың  әдісі: Топтастыру, тірек-сызба,  сұрақ-жауап.

Сабақтың  түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру.

1.     Гимн.

2.  Балалар бүгінгі тәрбие  сағатымыздың  тақырыбы:  «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге   асық бол»  деп  аталады.

-Ал,бұл сөзді   айтқан кім деп ойлайсыңдар?

-Абай  Құнанбаев.

-Абай  Құнанбаев  кім?

«Топтастыру »стратегиясы.

Кіріспе.

Абай-қазақ  халқының ұлы  ақыны.А.  Құнанбаев 1845жылы   туып, 1904 жылы қайтыс болған.Абай Семей облысы,  Абай   ауданында,  Қасқабұлақ  деген жерде  туған.Абайдың  әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың   анасы- Ұлжан  -ақылды,ал әжесі  Зере  ертегілерді,аңыздарды жақсы білген. Абай  әжесінің  тәрбиесінде өскен.  Абай 12 жасынан   бастап,  өлең   жаза бастады. 20-дан астам әндер шығарған  үлкен  сазгер.   Үлкен  аудармашы  болған.  Бірқатар   өлеңдері халық   мүддесін  қорғауға  арналған.Табиғат туралы  лирикалық  өлеңдері  де   жеткілікті.  Жастарға   ақыл-кеңес берер  өлеңдері  де мол.  Абай-қазақтың ұлы  ақыны ,  сазгер,философ,қазақ  жазба  әдебиетінің  негізін салушы.Қазақтың ұлы Абайы,арыстаны-ғұламасы,  ақыны,данышпаны.

Абай деген- терең   ой,терең   арман,

Жарқыраған жұлдыз  бір   алыстағы

Абай  деген  халқының бір белесі,

Оқтайболып  зулаған сұр жебесі.

Мектеп-кеме,білімді-теңіз десек,

Сол  білімге  бастайтын бір   кемесі.

Ол  ай  мен   күн,олжарық   аспандағы,

Елестетер көзіне жас  баланы

Білім   менен  ғылымның бәйшешегі

Тек  Абайдан бүр жарып басталады.

Әрқашан   жақсылық   жасар жақсы   адам болу үшін   аталар  өсиетін,ақылын  көп оқыған,  көңіліне  тоқыған,соны    үнемі орындап жүретін    оқушы болуымыз керек.  «Жақсылардың үлгісі-жанып тұрған шамдай» — дегендей Абай ата  туралы оқушыларды  тыңдайық.

Ислам:   Дана десең  болады,

Дара   десең   болады

Қазағымның кемтігі

Абайменен  толады

Қара  сөзі құрандай

Өлеңдері   тұмардай

Биіктейді  ұлы   Абай

Шыңға  шыққан  шынардай

Үргеніш: Өлеңі-ақыл, өзі-аңыз,

Абай-  біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан,

Санамызға    жазамыз.

Шен-шекпенге   жасыңнан

Құмар болма  депті  Абай

Милары    жоқ   масылға

Сыңар болма депті   Абай.

Жанна: Бүкіл абзал адамның,

Атаң менен анаңның

Панасы бол депті Абай

Өсиетін   Абайдың,

Орындап жүр кім қалай?

Абай   атамыздың  жыл  мезгілдерінде   арнап  жазған  өлеңдерін    тыңдап  көрейік.

Күз. (Айдана)

Сұр бұлт түсі   суық  қаптайды  аспан

Күз болып  дымқыл   тұман жерді  басқан

Білмеймін   тойғаныма,  тоңғаны  ма

Жылқы  ойнап,   бие   қашып,тай   жарысқан

Бәйшешек,   жасыл   шөп  жоқ  бұрынғыдай

Жастар   күлмес,жүгірмесбала   шулай

Қайыршы шал-кемпірдей   түсі кетіп,

Жапырығынан  айрылған  ағаш қурай

Қыс.  (Ислам)

Ақ   киімді   денелі   ақ   сақалды,

Соқыр , мылқау  танымас тірі жанды

Үсті-басы   ақ қырау,  түсі   суық

Басқанжері   сықырлап   келіп   қалды.

Дем   алысы үскірік,аяз бен   қар

Кәрі  құдаң қыс  келіп әлек   салды

Ұлпадай  бөркін   киген   оқшырайтып

Аязбенен    қызарып   ажарланды.

Жазғытұры.  (Раушан)

Жазғытұры   қалмайды   қыстың  сызы,

Масатыдай құлпырар  жердің  жүзі,

Жан-жануар адамзат анталаса

Ата-анадай   елжірер  күннің   көзі

Түйе боздап,қой қоздап,   қорада   шу

Көбелек  пен құстар   да   сайда ду-ду

Гүл  мен  ағаш  майысып  қарағанда

Сыбдыр қағып,бұраңдап  ағады су.

Жаз.(Жанна)

Жаздыкүн  шілде болғанда,

Көкорай   шалғын, бәйшешек

Ұзарып   өсіп  толғанда,

Күркіреп  жатқан  өзенге

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны   қылтылдап.

Арасында  құлын-той

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен  үйрек,қаз

Ұшып тұрса сымпылдап

Абай шығармалары жастарды  білім алуға,оқуға,еңбекке  шақырады және жас ұрпаққа айтар ақыл-кеңестерге толы.  Сондай өлеңдеріне тоқталайық.

—         Сауат  ашу пәнінен  Абай атамыздың қандай өлеңдерін жаттадық?

—         Әсемпаз  болма   әрнеге.  Сегіз  аяқ.

—         Қане   есімізге түсіріп, айтып   жіберейікші.

Сегіз    аяқ.  (Данияр)

Болмасын   кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан  аямай  кәсіп қыл

Орынсыз ыржаң  ,

Болымсыз   қылжаң

Бола  ма   дәулет,нәсіп бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды  қарның   тіленбей.

Әсемпаз болма  әрнеге. (Бақдәулет)

Әсемпаз  болма  әрнеге

Өнерпазболсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш  дүниеге

Кетігін тап  та  бар қалан.

Қазір А. Құнанбаевтың  «Ғылым  таппай мақтанба»  деген   өлеңін тыңдап   көрейік.

Ғылым  таппай  мақтанба.(Жаңабек)

Ғылым  таппай  мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып        шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес   нәрседен  қашық  бол

Бес    нәрсеге асық бол

Адам болам   десеңіз

Тілеуің,өмірің   алдыңда

Оған қайғы жесеңіз

Өсек өтірік,   мақтаншақ,

Еріншек, бекер   мал шашпақ

Бес   дұшпаның   білсеңіз

Талап, еңбек,  терең   ой

Қанағат,  рақым,ойлап  қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Балалар   оқып   білім   алмай, үйренбей   мақтануға   болмайды.Ғалым   болудың   ең   басты   шарты-ақылды,білімдіболу.  Енді   осы    өлеңде бес дұшпан   және  бес  асыл іс туралы   айтылыпты.

Қане,  атап   айтып   жіберейікші.

Сызбамен жұмыс.

өсек

өтірік

Бес  дұшпан                                  мақтаншақ

еріншек

бекер мал шашпақ

Бес асыл іс                                             талап

терең ой

еңбек

қанағат

рақым

Бес  дұшпан     деп отырғаны   адамның  бойындағы жағымсыз,жаман    қасиеттер. Адамдарды  осы бес   нәрседен  сақтандырмақ болған.   Осылардан аулақ  болуға  шақырған.

Бес   асыл   іс деп   отырғаны   адамның бойынан табылуға тиісті жақсы    қасиеттер.  Осыны  бойымызға  сіңіре   білуіміз   қажет.

Қазір  біз   бес дұшпанымыз    туралы тыңдап   көрейік.

Өсек.(Мейіржан)

Адамгершілікке   жатпайтын   жаман  қылықтың бірі- өсек  айту.Өсек  — бұл пыш-пыш  деп  біреуді жамандап  айтылатын сөз екен. Өсек  айтудан   әркез аулақ болайық!

Өтірік.  (Ескендір)

Өтірік- өрге   баспайды.  Өтірікші   болу-өліммен   тең.

Расы  жоқ  сөзінің,

Ырысы   жоқ   өзінің

Өңкей  жалған  мақтанмен

Шынның  бетін бояды- деп  өтірік  айтудан  сақ болып, шындықпен өмір   сүру  керек.

Мақтаншақ. (Ақмаржан)

Мақтаншақтық-бұл да  жаман қасиет

«Жағымпаз   адам-   жасқаншақ,

Жаман    адам-  мақтаншақ»    дегендей     жаман     әдеттерден  аулақ   болайық!

Еріншек  (Жаңабек)

Адамның бойына  біткен  жаман   қылықтардың  ішіндегі  ең   жағымсызы-еріншектік.   Талапсыздық,    жігерсіздік,   ұятсыздық,  кедейлік-  бәрі  осыдан   шығады.

Бекер   мал   шашу (Гүлсезім)

Бекер   мал   шашу-   бұл   ысырапшыл   деген   мағынаны    білдіреді. Мысалы,   нан   жеп   жүріп,   оның   жартысын итке   лақтырып,  ысырап   жасаушы болма.   Оқу    құралдарын да тиімді  пайдаланбай,   жыртып   тастап, не    лақтырып   ысырып   жасама!

-Осы  жаман  әдеттерден аулақ  болу үшін  қазақ халқы таудай сөзден тобықтай  түйін  сөз мақал-мәтел қалдырған.

-Кәне,осы  жаман әдеттерден   аулақ болып  ,жақсы    қасиеттерді  бойымызға сіңіру туралы қандай  мақал-мәтел білесіңдер?

1)   Өтірік   сөз өрге    баспас.

2)   Өтіріктің    құйрығы  бір-ақ   тұтам.

3)   Ұрлық,  ұрлық    түбі  қорлық.

4)    Еріншектің   ертеңі   бітпес.

5)     Ұлдың    аңқауынан,    қыздың  жалқауынан  сақта.

6)     Жақсыдан үйрен,  жаманнан  жирен.

7)     Есер   бала  шоқпар   жинар,

Есті бала  ақыл   жинар.

Ал,  осы жаман   қасиеттерге қарама-қарсы Абай    атамыздың өлеңіндегі   нағыз   адам    болу   үшін     қажетті  5  нәрсеге  асық болу  керектігін   айтқан. Енді осы жақсы қасиеттер туралы тыңдайық.

Талап  (Нұрболат)

Талап-бұл  адамның   өз   алдына мақсат  қойып, болашаққа талаптануы.  «Талапты   ерге нұр жауар» деп  бекер айтылмаған.

Еңбек (Рамазан)

Еңбексіз дүние   жоқ.

Ерте   тұрған жанның бір ісі бар

Еңбек   етсе көретін    ырысы бар

Еңбек-бақыт,  қуаныш.Сол   үшін   де

Еңбек   етіп  жақсыға  тырысыңдар.

Терең    ой  (Ислам)

Терең  ой-бұл  білім,  ғылымға   ұмтылу

Адам  үнемі,  үздіксіз ойлау қажет.

Көп    оқу ,    іздену    арқылы  жүзеге    асады.

Кітап- білім    бұлағы,

Білім-өмір   шырағы.

Оқудың   әр құралы

Ой-білімді  құрады

Білсең,  досым, бұларды,

Бізге     қымбат  тұрады.

Қанағат.  (Үргеніш)

Қанағат-ысырапты болмау.Қанағат-барға риза болу,нысаптан  шықпау.

«Қанағат қарын   тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын  сойғызар»-деп ақын  қатты қынжыла  айтты.

Рақым (Шынар)

Рақым-дегеніміз   адамның   үлкенге  құрмет көрсетіп,кішіге   қамқорлық  жасауы,   жақсылығы, мейірім-шапағаты   мен  көмегі.

Бәрі:  (бесеуі  қосылып)

Біз   намыскер-Қазақ   елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді  Отан,қыранымыз.

Талап,  еңбек,  терең  ой,қанағат қыл,

«Рақым  ет»  деп  Абай айтқан ұранымыз.

Өнерлі болу үшін   оқу,білім,еңбек    қажет. Яғни  Абай атамыз айтқан  «бес   асыл іс»    жадымыздан  шықпағаны абзал.

Көрініс :    «Әке мен бала»

Қорытынды.  Еріншек   екі  істер.

Жалқау   болсаң   жасыңнан,

Ұйқы  қалмас  қасыңнан

Еңбек   сүйсең  табылар

Бар жақсылық   басыңнан.

Сұрақтар:

1)     Адам болу үшін  қандай  қасиеттерді    бойға сіңіру қажет?

2)    Ал,кері әсер  ететін  жаман  қасиеттерді кім айтып береді?

3)    Қай  кезде білімді бала бола  аламыз?

Сызба.

Сабақтың   тақырыбы

Нені   үйрендік?

Неден     жиренеміз.

Бес    нәрседен қашықбол,  бес нәрсеге асық  бол.

ТалапЕңбекТерең   ой

Қанағат

Рақым

ӨсекӨтірікМақтан

Еріншек

Бекер

Мал шашпа

Қорытынды.

Жақсылыққа  жетем десең  қолыңда

Бар   жақсылық   жақсы адамның    жолында

Жаман  болыптумайды адам   анадан,

Жаман адам қайдан шыққан соңында.

Соны    ойла  да  өзіңе-өзің  есеп   бер,

Көктем  өмір, көктем-бәйшешектер,

Екі жол бар жалғасып  жататын,

Жақсылыққа  апаратын жетекке  ер.-дей отырып, жаман    қасиеттерден   аулақ болып,жақсы  қасиеттерді   бойымызға   сіңірсек, болашақта бізден  халық   қамын  жеген,   Отан  сүйер азамат шығары  сөзсіз.

Сабағымызды  Абай  атамыздың  «Желсіз түнде   жарық   ай» әнімен  аяқтаймыз.

Ашық сабақ: Біздің Елбасы
Жердегі тіршілік үшін судың маңызы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу