Адамға үйленбегендер... (фото)

Oinet.kz 15-08-2020 1137

Бүгінгі таңда «әйел мен әйел, еркек пен еркек үйленді» десе, таңғалмаймыз. Несін айтасыз, «еркек босанып, бала туып алыпты» десе де, біз үшін ол жаңалық емес. Себебі, Тома Бити есімді транссексуал еркектің бала туып алғанын естігенбіз. Енді адам мен адамды қойып, адам хайуанмен үйленді десе, таңғалуға болады. Қоғамның азғаны сонша, мысықпен ауыз жаласып, итпен төсектес болып жатқандарды естіп жататын едік, енді соларың істің ашығына кірісіп, жаһанға жар салып, дүркіретіп той жасап жатқанына не дер екенсіз? Естімеген елде көп. «Адам азса, хайуаннан бетер болады» деген осы екен. Хайуанға күйлеп жүргенін жасыра алмай, жұртқа жайған әумесерлердің бұл әрекеті тіпті шектен шыққандық шығар.   

Сөзімізге тұздық болу үшін біз сіздерге адам емес, басқалармен үйленгендерден біраз мысал келтірейік.

1. Австралиялық Жозеф Гуисо өзінің бес жасар Хоней есімді итімен үйленген. Оның мұндай шешімін естіген туыстары мен достары шалқасынан түскен. Неке қию рәсімінде иттің үнсіздігін «келісімін берді» деп тауып, некелерін қиып алады. Той үстінде Жозеф итіне «Сен менің ең жақын досымсың, өмірімнің әр бөлігін сен құрадың» деген жылы лебізін білдіріп, көпшіліктің көзінше сүйіседі.

 Screenshot_2.jpg

2. Юфе Митцшерлих 15 жасар мысығымен үйленеді. Оның үйленуіне мысығының ауруы себеп болған. Ветеринарға мысығын тексертуге апарған Юфе оның семіздік ауруына ұшырағанын, ұзақ ғұмыр сүрмейтінін біледі. Сөйтеді де арадағы махаббаттарын жария етіп, той жасап, мысыққа өлер алдында бір бақыт сыйлағандай болады.

  

3. Шарон Тендлер есімді еврей әйел Изралдегі дельфин саябағында Кинди есімді бір дельфиннің еркегіне ғашық болады. Өзінің «ғашығын» көру үшін ол бұл саябаққа 14 жыл бойы барып тұрған екен. Соңында дельфин үйретушінің «жеңгетайлығымен» Шарон дельфинге сезімін білдіріп, ұсынысын айтып, үйлену тойларын жасайды.

 

4. 2006 жылы Чарлз Томб есімі Судан азаматы ешкіге үйленеді. Чарлз ешкі баққан біреуге қарызданып қалады. Ешкінің иесі сотқа шағымданатынын айтады, «болмаса ақшамды қайтарып, ешкілерімнің біреуіне үйленесің» деген шарт қояды. Бұл шағымның арты ауыр жазаға әкеп соғатынын білетін Чарлз амалсыз ешкінің иесіне «күйеубала» болады.

5. Бұлар жанды болса, жансыз нәрселерге де үйленіп жатқандар да бар екен. Мәселен, 2008 жылы қытайлық Ли Жин Гиу өзінің жастығымен үйленіп, той қып атап өткен. Несін айтасыз жастық-қалыңдығына тойда қалыңдық киімін де кигізіп қойған.

 

6. Ейжа Риитта есімді қыз Берлин қорғанына ғашық болып, 1979 жылы ақыры онымен үйленіп тынады. Сөйтсе, ол бұл қорғанды бала кезінде теледидардан көріп, ұнатып қалады екен. Сөйтіп, жиі зиярат етіп тұрады екен. Соңында үйленеді... Бірақ, бұл бақыты көпке созылмайды. 1989 жылы қорған құлатылады. Халық қорғанның құлатылғанына қуанса, Ейжа қайғыға булығады. Қазір Ейжаның қолында ғашығын еске салып тұратын қорғанның тек қиранды тастары ғана қалған екен.

 

7. Жалпы, қандай да бір нысанаға бағынышты болу, оған деген махаббат сезімінің оянуын «объектофилия» дейді. Тағы бір осындай дертке ұшыраған жан Францияда болған екен. Эрика Лабрие есімді француз әйел Эйфель мұнарасына ғашық болыпты. Соңында үйленіп, фамилиясын «күйеуінің» атына ауыстырыпты. Қазір әйелдің есімі «Эрика Лабрие» емес, «Эрика Эйфель».

Неліктен марафонда 42 км жүгіреді?
Рождествоның шығу тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу