Адамға сын айтудың 7 қағидасы
Кейде біреуге сын айтамыз деп мінін теріп, насихат айтамыз деп масқаралап, нәтижесінде ағайынның арасын алыстатып аламыз. Мұның барлығы адамды ренжітпей, көңілін жықпай мін түзетудің әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгермегендігімізден орын алып жатады. Ендеше мына 7 қағидаға мән берейік.
1 қағида:
Әуелі ол адам үшін Жаратушыдан жәрдем тілеп, шынайы дұға қылуыңыз керек. Себебі кез келген адамды тура жолға салып, әп-сәтте оны сіз қалаған жанға айналдырып, жүректерді бұрушы тек Алла Тағала! Бұл сіздің оған деген шын жанашырлығыңыз бен ниет-пейіліңіздің ақ екендігінің бірден-бір дәлелі. Демек, біреуді түзеймін десеңіз, алдымен өзіңіздің ниетіңізді дұрыстауыңыз қажет екен