Үндістан: сұмдық пен шындық
Үндістан – фильм мекені. Көптеген адам үшін болливудтық ән мен бидің гормониясы ғана. Үндістанның тарихи орындары, кинолардағы түсірілім аймағы сет-джеттер туристер үшін ғажап мекен. Үндістанға саяхаттаушы туристер «мәдени шок» алмасы үшін жазбамызды мұқият оқығаны абзал!
Кептеліс
Үндістандағы хаотикалық жол қозғалысының арасында бір нәрсені түсіну қиын. Жол баршаға ортақ, арнайы ажыратылмаған. Түйелер, көліктер, рикшалар, жаяу жүргіншілер, сиырлар – бәріне жол ортақ. Сондықтан кептеліс те, апат та көп орын алады. ЖКО-дағы өлім саны 100 мың адамға шаққанда 22,6 (әлемде 58-орын).
Жол-көлік оқиғаларына көбінесе жаяу жүргінші айыпты деп танылады. Не күлеріңді, не күйеріңді білмейтін жайт – сиырлар ешқашан айыпталмайды (апатқа себеп болды деп ашық айтылмайды). Үнділер сиырлардан «культ» жасағандықтан ешқашан айып тақпайды. Оларға бар жерде жүруге рұқсат. Соңғы жылдардағы арт жобада әйел құқығын сиырға деген құрметпен салыстырған. Мұнда шынында сиыр құрметі биік.
Заманауи құлдық
Үндістан 2022 жылға қарай халық саны жағынан Қытайдан асып түсуі мүмкін. Халық саны артқан сайын үнді халқының тұрмысы төмендеуде. Елде әлемдегі құлдық қатынастың сарқыншағы сақталған. Бір ғана Үндістан шекарасында 14 миллионнан астам құл бар. Осы уақытқа дейін елде зиянды өндірісте және басқа мақсаттарда жұмыс істеу үшін адамдарды (соның ішінде балаларды) жеткізетін тұтас касталар бар.
Ресми түрде, бұл жерде құлдыққа әлемнің басқа бөліктеріндегідей тыйым салынады, бірақ тыйым нақты күшке ие емес.
Қоршаған ортаның ластануы
Назар аударыңыз, 2019 жылғы әлемдегі ең ластанған 20 қаланың 14-і Үндістанда! Ластанған қалалар тізіміндегі үндістандық қалалар осымен шектелмейді. Мумбайдың ірі, Дели секілді елдегі маңызды қалалардың экологиялық ахуалы жыл өткен сайын нашарлауда.Үнді қалаларыың бірінде саяхаттап бір күн өткізу 5 пакет темекі шеккенмен тең.
Қала лас, бірақ үй таза
Үндістанда көптеген жерлерде ауыз су және кәріз жүйесі жоқ (көбінесе кедей аудандарда). Жолдар мен ауадағы ластыққа қарамастан, үнділік үй әрқашан таза және ұқыпты. Қоршаған ортаның ластығы, алаяқтық әрекет, ұсақ қылмыс – сіздің демалысыңызды құртуы ықтимал.
Суреттер ашық дереккөзден алынды