Жаңа нәрсені қалай тез үйренуге болады?
Адамның дүниәуи ілімінің толымсыздығы күйзеліске жақындатады. Volatility Facilitates Value Updating in the Prefrontal Cortex зерттеуінше мидың жаңа ақпарат сіңіруе жауапты бөлшегі аса белсенді екенін қорытындылады. Мол ынта ерікке ауырлық еткенмен, толыққанды өмір сүру үшін миды ұдайы түрде жаңа ақпаратпен таныс еткен дұрыс шешім.
Егер сіз мүмкіндігінше тиімді оқығыңыз келсе, уақыттың 70 пайызында сізге қиын нәрсені жасаңыз.
Орен Хоффман (Auren Hoffman), кәсіпкер
Ұдайы іздену тым ауыр секілді. Ғылыми зерттеулер Хоффманның сөзін растайды. Жұмысыңызда қажет деп таппай, зер салмаған ақпаратыңыз санаңызда сақталмайды.
Ғалымдар тәжірибені маймылдар арқылы жасап, тексерді. Дұрыс орындалған тапсырмасы үшін маймылға шырын берілді. Әрі тапсырма түріне байланысты шырынның қоспасы өзгеріп отырды. Бұл зерттеу ұзақ уақыт, тұрақты түрде жүргізілген.
Маймылдар тапсырмаларды орындаған кезде ғалымдар олардың ми белсенділігін өлшеді. Олар нақты үлгіні анықтай білді. Жануарлар тапсырманы орындағаны үшін не беретінін болжай білгенде, ми белсенділігі төмендеп отырған. Ал, келесі қадамда не күтіп тұрғанын білмегенде ми белсенділігі артқан.
Жаратылыс істің жүйесін білгенде ойлануға көп күш жұмсамайды.
Тұрақты ой жаңа нәрсе үйренуге итермелемейді. «Бәрін білемін» деген ойдан «Бәрін білігім келеді» деген ой өнімдірек. Жаңа тағам түрі, бұрын білмейтін спорт түрімен шұғылдану барлығы санаға пайдалы машық. Өмірдің жаңа қырын танығыңыз келсе, жаңа саланы үйренген маңызды. Дегенмен, өз салаңыздағы біліміңізді арттыру арқылы қоғамға пайда, ісіңізге өнімділік табасыз. Біз жаңа болжанбайтын ортаға түскенде, мидың ақпаратты сіңіру қабілеті артады. Егер сіздің өміріңіз шытырман болмаса, оған жаңа реңк беріңіз! Мысалы:
Шетелде саяхаттаңыз. Менталитеттің өзгеруі ойыңыздың жаңғыруына әкеледі. Жаңа нәрсемен қатар бейтаныс қабілетіңіз пайда болар!
Әдеттегі тәртіптен бір нәрсені өзгертіңіз. Егер сіз жаңа мекемеде түскі ас ішсеңіз немесе кешке ерекше нәрсе жасасаңыз да, ми үйрену режиміне өтеді. Бұл жаңа дағдыларды игеруге және ескі идеяларға жаңа қырынан қарауға көмектеседі.
Жаңа жобаны бастаңыз. Мүмкін, ол сәтсіздікке ұшырайды, бірақ сіз жаңа нәрсені үйренесіз.
Мүлде бейтаныс идеяларды іздеңіз. Мысалы, болашақ технологиялары туралы ескі кітаптарды оқыңыз, артхаусты қараңыз, шығармашылық адамдармен сөйлесіңіз, бөтен салалардың құрылғысына қызығушылық танытыңыз.
Сіз келіспейтін адамдармен сөйлесіңіз. Бұл бір нәрсені үйретіп қана қоймай, эмпатияны дамытады.
Суреттер ашық дереккөзден алынды