Психологиялық тест: «Әдемі айнаның бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 26-08-2020 2111

1. Бірінші айна, дәл қазіргі сәтте сіздің мінезіңізде уақытша құбылыстар болып жатыр деп көрсетеді. Әдетте бұл суретті қазіргі сәтте өзіне-өзі көңілі толмайтын және жағдайды жақсы жағына өзгерткісі келетін адамдар таңдайды. «Ол жерде бақытты болу үшін барлығы бар, бірақ мен ол жерде емеспін. Болашақта міндетті түрде сол жерде боламын», - деген бойларына шегелеп қаққан ұраны бар. Бұл адамдардың негізгі қасиеті – дүниені танып-білуге ұмтылу, батылдық және барлық жаңашылдыққа қызығушылық таныту. Өзгерісті жан-тәнімен қалайды. Осы өрнекті таңдаған адамдар ұзақ уақыт бойы бұл жағдайда жүре бермейді. Өйткені бұл белгі уақытша дегенді білдіреді. Яғни, уақыт өте келе бұл өрнекті таңдаған адамның мінезі басқа өрнектегі сипаттамаға ауысуы мүмкін.

image.png

2. Олар әдетте шыдамды, табанды және өз ісіне адал жандар. Болмаған іске қолын бір сілтеп, «Бәрібір түк шықпайды» деп айту сіздің өмір сүру салтыңызда жоқ. Екінші суретті таңдаған жандар алға қойған мақсатына ақырын жүріп, анық басып жетеді. Және оған жетпейінше тоқтамайды. Соның арқасында олардың ішінен нағыз кәсіби мамандар шығады. «Соғыс – соғыспен, ал түскі ас уақыт бойынша» деген сөзді осы суретті таңдайтын адамдар шығарған болуы керек. Өзінің белгілеп қойған жұмысынан өзге іс туындай қалса, бірден қабағы шытылып шыға келеді. Олардың ойынша, өмір тек жоспармен ғана өту керек. Олар барлығының жинақы, өз орнында тұрғанын қалайды. Тосын сыйларды аса ұната бермейді. Ал күтпеген жерден болған өзгерісті мүлдем қаламайды.

3. Шығармашылықпен айналысатын, өзгеше ойлайтын тұлғалар. Олар жауыры шыққан жолдармен жүргенді, қатып қалған қағидаларды ұстануды ұнатпайды. Керісінше әрдайым өзгеше жолын іздеп, ерекше тәсілін табады. Олардың арасында өте тартымды адамдар өте көп. Оларды ашуландыру оңай. Мінез-құлқы доллардың курсы өскендей әп-сәтте өзгеріп шыға келеді. Жақсы ораторлар, өздерінің ұшқыр ойымен үнемі бөлісіп жүреді. Тыңдаушысы қаласа да, қаламаса да әрдайым идея тастағанды ұнатады. Кейде сабырсыздық пен шыдамсыздық танытатыны тағы бар.

4. Қыс болсын, жаз болсын, аспаннан тас жаусын, тау қопарылсын айналасына нұр шашып жүретін нағыз көшбасшылар. Нағыз «Энерджайзерлер» деуге болады. Өздеріне нақты не керек екенін біледі және өзінің дегеніне күліп жүріп жетеді. Жұмыста басшылықты ақылмен сендіре алады және өзінің тәуелсіздігін алға тартады. Олар үшін өздерінің айтқаны заң болу керек сияқты болып көрінеді. Олар өте мықты жандар және өте қауіпті қарсылас. Өмірге жеңіл қараумен көптеген жетістіктерге жетеді.

Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені көрдіңіз
Жаңа нәрсені қалай тез үйренуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу