Шайдың қандай зияны бар?

Oinet.kz 27-08-2020 1626

Шай жапырақтарынан сусын дайындау Азия халықтарында айырықша мәдениет боп қалыптасқан. Мыңдаған жылдар бойы елдің сүйікті сусынына айналған шайдың пайдалы қасиеттері жетерлік. Шөлді басып, жан сарайыңды ашатын шай холестеринді төмендетіп,  жүрек-тамыр жүйесін қалыпқа келтіреді. Ол азздай қартаюды баяулатып, ми белсенділігін арттырады. Көп жесе бал да ащы. Кей тұста шай да зиянды. Сонымен, материалымызда сараптап көрелік, шай несімен зиянды?

image.png

Ыстық шай асқазанда жара туындатуы мүмкін

image.png

Британдық отоларинголог және пластикалық хирург Генри Шарп  (Henry Sharpe) шай денсаулыққа зиян өнім деп санайды. Ыстық шай ішу әдеті назофаринс тамырларына нашар әсер етуі мүмкін. Шыныаяқтан шыққан бу назофаринс тамырын кеңейтеді және  мұрыннан қан кетуі мүмкін.Солтүстік Ирандағы Tea drinking habits and oesophageal cancer in a high risk area in northern Iran: population based case-control study зерттеуі, ыстық шай өңеш қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін деп қорытындыланды. 

Шайыңыз сіңімді болу үшін, демделгенен кейін бөлме температурасында 5-7 минут сақтаңыз.

Өткір дәмді шай тіс пен сүйекті бұзады

image.png

The New England Medicine журналы тым өткір сусын ішу әдетінен зардап шеккен бірнеше пациенттің әңгімесін жариялады. Кейіпкерлердің бірі – 47  жастағы әйелдің жағдайы ерекше. Ол 17 жыл бойы күнделікті 100-150 пакеттен қайнатылған шаймен емделемін деп ойлаған. Салдарынан қысқа мерзімде ол барлық тісінен айрылған. Сүйегі де зақымданып, шамадан тыс сынғыш болған. Яғни, әйелден қаңқа флюорозафлюорозының белгілері байқалған. Өткір шай арқылы фтор сүйектерді зақымдаған. Диетологтар күніне 4-5 кесе шай  ішуді ұсынады.

Шай құрамында ауыр металл болуы мүмкін

image.png

Канадалық Toxicology журналы 2013 жылы  зерттеу нәтижелерін жариялады Tһе Benefits and Risks of consuming Brewed Tea планетаның әртүрлі аймақтарынан пакеттелген шайдың көптеген үлгілерін зерттеген.

Токсикологтар сынамадағы үлгілерден ауыр металдардытапқан.Олар:  қорғасын, алюминий, мышьяк және кадмий. Металлдар топырақтың ластануына байланысты шай жапырақтарына түседі екен.  Шай өсіретін  плантациялар экологиялық таза емес көмір яки электр станцияларының жанында орналасады. Сондықтан шай ішерде өндіруші компания брендіне мән беріңіз.

Кейбір шай жапырағы бауырға зиянды

image.png

Кейбір  шайлары жапырағы пиролизидин алкалоид (гүлді өсімдіктердің кейбір түрлері шығаратын токсиндерді)  жинайды.  Бұл токсиндер ағзаға теріс әсер етеді. Американдық Food Chemistry журналы 2015 жылы «Pyrrolizidine alkaloids in herbal teas for infants, pregnant or lactating women « зерттеу нәтижелерін жариялады (сәбилерге, жүкті және емізетін әйелдерге арналған шөп шайларының 44 үлгісі) . Ғалымдар сынамалардың 86% - ында пиролизидинді алкалоидтарды тапты.

Негізінде, ересек адам үшін шайдан алынған токсиндердің дозасы (қалыпты пайдалану кезінде) іс жүзінде қауіпсіз. Нәрестелермен, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдердің ағзалық ерекшелігіне байланысты жағдай бөлек. Нәрестелер мен құрсақтағы шараналардың организмі токсиндерге осал болады.

Сусындағы металдардың концентрациясы қайнату уақытына байланысты. Егер пакет суда 15-17 минут болса, уытты заттардың деңгейі қауіпсіз емес деңгейге дейін көтеріледі (мысалы, кейбір үлгілерде алюминий концентрациясы рұқсат етілген күндізгі максимум 7 000 мкг/л болғанда 11 449 мкг/л дейін құрады).

Тамақтанғаннан кейін шай ішу темірдің жетіспеуіне әкелуі мүмкін

image.png

Калифорния университетінде 2011 жылы жүргізілген зерттеулер дәлелдеді Iron deficiency anemia due to excessive green tea drinking: шай тамақпен құнарындағы темірмен әрекеттеседі. Нәтижесінде ағзаның темір сіңіруіне кедергі келтіріп, процесті нашарлатады. Егер сіз тамақтанғаннан кейін үнемі шай ішсеңіз: терінің пигментенуі, шаштың түсуі, летаргиядан темір тапшылығы анемиясына дейін, туындайды. Ол кезде шай ішпеу мәселені шешпейді. Дәрігер қабылдауында болып, арнайы ем қабылдауыңыз қажет болады. Тамақтанғаныңызға 20 минут өткен соң ғана шай ішкеніңіз дұрыс. 

Шай ұйқысыздықты тудырады

image.png

Шай құрамындағы кофеин мен хош иісті заттаршайға деген құштарлықты арттырады. Сусынның қуаттандыратын әсері физиологиялық негізге ие: импульс жиілейді, қан ағымы жеделдейді, бүйрек үсті бездері адреналинді көбірек шығарады, орталық жүйке жүйесі мен ми қозуға келеді . Таңертең немесе жұмыс күнінің ортасында шай шабыттандырады. Кешкі уақытта шай ішсеңіз, ұйқықыңыз ашылады. 

Сурет ашық дереккөзден алынды


Жаңа нәрсені қалай тез үйренуге болады?
Ұшықтаудың сіз білмейтін пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу