Атақты клоун көптеген баланың өмірін қалай құтқарды?
Марсель Марсоға көптеген теңеулер айтылатын: «үнсіздік ақыны», «үнсіз данышпан» . Жаппай көрермен үшін пантомима әлеміне есік ашқан адамның өмірі ешқашан қарапайым болған емес. Оған ешқандай жетістік оңай жолмен келген жоқ. Алайда Марсель қазіргі француз өнерінің символына айналды.
Марсель Мангель 1923 жылы 22 наурызда Страсбургте еврей қасапшысы Чарльз Мангельдің бақуатты отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы бір кездері Польшадан көшіп, еврей погромдарынан қашып кеткен еді. Марсельдің анасы-Анна Украинаның Яблонов қаласынан шыққан (қазіргі Ивано-Франковск облысы). Сегіз жасында кейіпкеріміз отбасымен бірге Эльзасқа көшкен.
Мангельдің отбасы ештеңеге мұқтаж болмай, өте жақсы өмір сүрді. Француз өнер символы Марсельдің әкесі баритондауыста ән салып, музыкамен шұғылданған. Өнерге деген құштарлық бұл отбасының ерекшелігі болды. Чарльз Мангель көптеген кедей суретші мен музыканқа көмектесті. Анасы Анна балаларына кішкентай кезінен өнерге сүйіспеншілік, талғам, көркемдікке құштарлық секілді құндылықтарды бойына сіңірді. Ол бес жасында Марсельді Чарли Чаплиннің фильмдерімен таныстырды. Чарлидің қайғылы бейнесі қайталанбас образ ретінде жас баланың көңіліне із қалдырып, жанын жабырқатты. Осы фактор әсер етсе керек, Марсо есейген соң пантомима шебері ретінде өзін қалыптастырды.
Марсель балалық шағында өзге адамдар секілді еместігін түсінді. Еврей ұлтын өзгелердің бөлектеуі жиі байқалды. Өзгелердің еврейлерге деген теріс әсері ықпал еткендіктен Марсель ұялшақ болды. Баланың әкесіне ұлты мәселе туындатпайтын. Социалистік қозғалысты қолдап, социалистік, жаңа, прогрессивті көзқарастардың адамы болды. Оның христиан әріптестері өте қатты құрметтеп кәсіпқой маман, керемет адам деп бағалады.
Марсельдің тоғыз жасында қабілеті оянып, шығармашылығын дамытып бастайды. Марсель өзінің ауласындағы балаларға көрінстер ұсынып күлкіге қарқ қылады. Марсель сахнада өнерімен көрермендердің сезімі мен эмоциясына әсер ете алатындынын түсінеді. Бірақ қуанышты әрі қамқорлық құрсауындағы балалық ұзаққа созылмады.
Франция Екінші дүниежүзілік соғысқа кірген кезде, 16 жастағы Марсель отбасымен бірге Лиможге қашып кетті. 1944 жылы Марсельдің әкесі Освенцимге жер аударылды. Анасы аман қалды.
Францияның неміс оккупациясы кезінде Марсель мен оның інісі Ален Еврей шығу тегін жасыру үшін фамилиясын Марсо деп өзгертті. Олар бұл фамилияны француз революциясының генералы Франсуа Северин Марсо-Дегравье еске алу үшін таңдады. Лиможада ағайындылар француз Қарсыласу қатарына қосылды. Олар жүздеген еврей балаларын концлагерьге жер аударудан және жойылудан құтқара алды. Париж босатылғаннан кейін олар француз армиясына кірді.
Марсель алғаш рет немістердің Францияға басып кіруінен кейін пантомимаға жүгінді: оның көмегімен ол еврей балаларын бейтарап Швейцарияға апарды. Марсель еврей балаларына Альпі арқылы Швейцарияға өтуге көмектесті. Қауіпті сапарларында оның реинкарнация, бет-әлпетін, қозғалысы мен жүрісін тану қабілеті толық ашылды. Ол шекарашылардан жастар жасағының жетекшісі ретінде он реттен астам өтіп, күмән туғызбады. Марсельдің жолындағы пост шекарашылары ешқандай алаяқтық әрекетке күдіктенбеді. Жалпы алғанда, Марсель жетпістен астам баланың өмірін аман сақтап қалды.
Сол кезеңде Марсель мен ағасы Наполеонның замандасы, жас батыл генерал Марсоның есімімен өз фамилияларын өзгертуге шешім қабылдады. Қорқынышы басым, өмір сүру мүмкіндігі аз уақыт лосы қадамды талап етті. Марсельдің әкесі 1944 жылы Чарльз Аушвиц концлагерінде қайтыс болды.
1944-1946 жылдар аралығында Марсель Джордж Паттонның үшінші американдық армиясының құрамында нацистерге қарсы соғысқты. Өмір мен өлім арасында жүрсе де, кейіпкеріміз өнерден сырт қалмады. Шайқастан бос уақытта сарбаздарға әскери өмір тақырыбында идеяларын ойнап, шығармашылығын шыңдады.
Соғыстан кейін Марсоның өмірі Чарльз Дюлан театр мектебімен тығыз байланыста болды. Онда мим кәсібінің негізін салған Ұлы Этьен Декроймен бірге оқыды. Бір қызығы, Декруа студенттері игеруі керек дағдылардың міндетті минимумына 108 бас ию әдісі мен 250 қол қимылдары, сондай-ақ тек ым-ишарат арқылы сөйлесе алу үшін жабық бетпен қозғалуға үйрету кірді. Марсельдің тәлімгері әйгілі актер Жан-Луи Барро болды.
Театр мектебінің басқа студенттері өздерінің сахналық бейнесін іздеп, нұсқаларын ойластырған кезде, Марсель сахнада өзінің альтер-эго кім болатынын бұрыннан білген. Ол Чаплиннің пластикасы мен қимылдарын Пьероның қайғылы жүзімен үйлестіретін кішкентай мұңды адам болды. Марсель өзінің кейіпкерінің сыртқы келбеті мен бейнесіне мұқиятқарап шығармашыл бейне жасады. Әр деталі ойластырылған образда: жолақты көкірекше, сәл үлкен шалбар, қысқа куртка, ескі көлбеу цилиндр және оған әдемі бекітілген қызыл қалампыр кейіпкерінің гардеробының тұрақты атрибуттарына айналды. Кейіпкердің визит карточкасы ағартылған(аппақ грим жасалды) тұлға болды. Еріндегі ашық қызыл сызығы , тым жоғары көтерілген қас, сондай-ақ көздің астындағы екі қайғылы тамшы жас назарға ілігетін.
Оның кейіпкері Марсель, Диккенстің "үлкен үміт" шығармасынан шабыт алып, Биппен айқайлады. Бұл бейнеде алғаш рет Марсель өзінің жиырма төртінші туған күнінде 1947 жылы 22 наурызда Париждегі "Де пос» театрында өнер көрсетті. Кейіннен француз өнерінің айтулы тұлғасына айналды. Жүзге жуық баланың өмірін құтқарған кейіпкеріміз 85 жасында көз жұмды.
Суреттер ашық дереккөзден алынды