Психологиялық тест: «Сіз стаканды қалай ұстайсыз?»

Oinet.kz 19-08-2020 4230

1. Тыңдаушы 

Сіз маңайыңыздағы адамдарды жақсы тыңдайсыз. Өте керемет түсінесіз. Сондықтан сізге сырын ашушылар саны көп. Оны сақтау, сырына сай кеңес беру, ақылмен жеткізу, сезіммен ұғыну - сізге тән құбылыс. Алайда, мұндай адамдар жиі сол қатынасты өзгелерден де күтеді. Өзгелер де оларды тыңдағанын, оған ақыл айтқанын қалайды. Кешіріңіз. Өмірде мұндай адамдар өте аз. Олар сондықтан мұңайғыш келеді. Жиі күлсе де, жүрегі тым нәзік...

image.png

2. Лидер

Сіз діттеген мақсатқа жетпей қоймасйыз. Мұны барлығы біледі, әрі сезеді. Сондықтан сіз қай ортаға түссеңіз де соның алды болып шыға келесіз. Тек өмірді ақылмен ғана сараптамай, жүректі де қосу кеерек. Сонда сіз Лидер ден тұлғаға айналасыз.

3. Мейірімді адам

Сіз өте жақсы адамсыз. Үнемі көмек бергіңіз келіп тұрады. Үнемі ізденіс үстіндесіз. Жаңашылдықты ұнатасыз. Артық сөз, ғайбат-өсектің не үшін айтылатынын ұға алмайсыз. 

4. Ойшыл

Сіз өте ойшыл адамсыз. Үнемі ойланып жүресіз. Ойланып сөйлейсіз. Мұндай адамдар тегінде қателіктерін ауыр көтереді. Сондықтан мінезіңізді бекем ұстауға тырысыңыз.

5. Мұқият жан

Сіз өте мұқият адамсыз. Барлық істеріңізді жоспарлы түрде жүзеге асырасыз. Мақсатыңыздың жолында барлық қадамға баруға дайынсыз. Сондықтан қаталдық сізге тән. 

6. Қатал жансыз

Сіз өте эммоцианалды адамсыз. Сондықтан үнемі құбылып тұрасыз. Бірде жұмсақ, бірде қаталсыз. Сондықтан сіздің қаталдық ұзаққа бармайды. Қаталдық сізге тән дүние емес. Қолдан жасауыңыз мүмкін. Алайда, сіз өте мейірімдісіз. Және мұны барлығы біледі. 

Даун синдромына шалдыққан әкесіне хат жазған қыз елді жылатты
Атақты клоун көптеген баланың өмірін қалай құтқарды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу