Даун синдромына шалдыққан әкесіне хат жазған қыз елді жылатты

Oinet.kz 20-08-2020 1073

Тарамы түрлі тағдырдың тәбәрігі жаратқан ризығы. Барды місе тұтпайтын жандар мен жоққа сабыр ететін адамдар бір кеңістікте. Филиппиндік Ричи Энн Кастильо есімді қыз Даун синдромынан зардап шеккен әкесіне әсерлі хат жазды.

image.png

"Қымбатты әке. Бүгінгі күн сіздің өміріңіздегі ерекше және өте керемет сәт. Бүгін сіз 50 жасқа толдыңыз. Сіздің ұзақ және әдемі өмір сүргеніңіз үшін қуаныштымын. Дәрігерлер сіздің тірі екеніңізге әлі де таң қалды! Мұны оқитыныңызға сенімді емеспін, өйткені сізде Facebook бар-жоғын білмеймін. Бірақ бүкіл әлем менің әкем екендігіңызді мақтан тұтатынымды білгенін қалаймын. Бүкіл әлем сіздің ішкі және сыртқы келбетіңізді менше білгенін қалаймын. Әкем, мен бұл туралы бәріне ашық айтуға батылдық танытқанға дейін көптеген жылдарды өткізіп алдым.  Өйткені бәрі шындықты біле бермейді, өйткені бәрі шатастырады", - деп жазды Ричи.

image.png

Қызды бастауыш мектепте әкесінің денсаулығына байланысты күліп, мазақ еткенін айтты.  

image.png

"Бірақ мен бала кезімде сенің басқа екеніңді байқамадым. Сен менің әкем болдың! Неліктен өзгелер маған қалыпты емес деп күле қарайтынын ұқпайтынмын. Қазір ойлап қарасам, сол кездегі сезімім мен қорқақ еткен екен. Бірақ әке сіз мен секілді қорқақ қызыңыздан биігірек ризықтарға лайықсыз! Даун синдромы бар кез келген адам сияқты сіз махаббатқа, түсіністікке, шыдамдылыққа және мойындауға лайықсыз.Мен бүгін сізді туған күніңізбен толқып құттықтап отырмын, себебі осыған дейін олай жасамаған едім. Сіз әлде қайда бағалы сезімдерге лайықсыз. Мен білетін адамдардың ішінде ең батылл әрі мықты адамсыз!", - деп жазады қыз.

image.png

"Сізге ғұмыр бойы дәрігерлер ине егіп, операция жасады, жиі диализ жасаттыңыз, тым көп шектеулер құрсауында өмір кешіп келесіз. Бірақ сіз өміріңізге ешқашан шағымданған жоқсыз. Сіз ең мықты жансыз. Ауруханадағы операция секілді емдеу шараларынан соң ылғибылай дейтінсіз: "Wa ko mahadlok mamatay kay ni salig ko sa Ginoo" (мен жаратқанға сенгендіктен, қорықпаймын). Сіз әрдайым диализ орталығынан оралғанда, гипогликемия мазалағаннан кейін де күліп жүресіз. Сіз ең батыл адамсыз! Көп нірсені бастан кешірсеңіз де ешқашан қорықпадыңыз. Мен өзімді сіздің орныңызда елестете алмаймын", - деп жазды ол.

image.png

Ол әкесінің батылдығын былайша сипаттайды: "Мен сені өміріңіздің ең жаман сәттерін көрдім, сіз жай ғана" Мен шаршадым" дедіңіз».

image.png

"Сен әрқашан кімді де болмасын күлдіруге күш табасың. Сіз тіпті қатты қорқыта да аласыз, сонда да біздің сізге деген ықыласымыз тарқамайды! Мен сізде жақсы да, жаман да күндер бар екенін түсінемін. Кейде тіпті барлық адамға ызаңызды көрсетіп, зұлымдық танытасыз.бірақ бұл барлығымыз үшін қалыпты жағдай. Мен сіз туралы ұзақ әңгімелей аламын. Елу жылдығың құтты болсын, әкетай! Мені әрқашан жалғыз қызым деп атағаныңызға рахмет, мен оған әрқашан лайық боламын. Мен сіздің арқасында мықты және батыл болдым.  Мен сені қатты жақсы көремін, әкешім. Мен енді өзімді бұзақылардан қорғана алатындай есейдім деп есептеймін. Үлкен махаббатпен, қызыңыз", - деді хат соңында.

image.png

Ричидің хаты әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болды. Елдің бәрі асқан толқыныспен бұл жазбаның жүрек жарды сөздері көздеріне жас келтіргенін мәлімдеді. Кейбірі Ричидің батылдығына риза болып, әкесінің туған күнімен құтттықтады!

 Суреттер ашық дереккөзден алынды

Психологиялық тест: Нумерология ғылымы сіз білмейтін құпияларды ашады
Психологиялық тест: «Сіз стаканды қалай ұстайсыз?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу