«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Шындық көп, ақиқат жалғыз. Қазірде шетел асқысы келетін адамдардың қатары сирек емес. Карьера жасау үшін, елдегі күйбеңнен арылу үшін – айта берсең, себеп көп. АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея секілді жалақысы жоғары елдердің ішкі мәдениетінің жоғары екеніне бек сенеміз. Ол жақта бәрі керемет екені қаншалықты рас? Мысалы, Жапонияда 100 жыл тұрсаң да«шетелдік» шені соңыңнан қалмайды. Жапондар өзге ел заматына комплекспен қарайды. Бәрі күліп тұратын қатынаста сізге деген шынайы мәмілені ажырата алмай дал боласыз. Әр елдің салты басқа. Жат мемлекеттердегі ең қызықты тиымдарды ұсынамыз.
Грецияда компьютерлік ойындар ойнауға тыйым салынады
Аңыз-әфсаналары көп Греция тарихи туризмге бейім. Астнасы Афина қаласы туралы көптеген қызықты дерек бар. Грекия үкіметі 2002 жылы видео ойындарға тыйым салды. Осы тыйымның салдарынан адамдар тіпті онлайн ойындар үшін қамауға алынды. Тыйым тек қабылданған кезде, ең төменгі жаза ретінде 5 мың еуро айыппұл салынды, сонымен қатар айыпталушы 3 ай бас бостандығынан айырылды. Бірақ бір жылдан кейін Еуропалық Одақтың қысымымен заңды жеңілдетуге тура келді. Қазіргі уақытта, егер сіз үй компьютерінде видео ойындар ойнасаңыз, айыппұлдан қорықпауға төлемейсіз. Бірақ интернет-кафеде Дотаға ойнау мүмкін емес.
Иранда "Батыс стиліндегі" шашқа тыйым салынған
Иран – Ежелгі Парсы мемлекетінің тарихы 5 мың жылды құрайтын бөлшегі. Иран әлемде туристтер ең көп келетін 10 қызықты елдің қатарына кіреді. Иран тарихи ескерткішкетрдің саны бойынша, Египет және Италиядан кейінгі 3-ші орында.
Бірнеше жыл бұрын Иран үкіметі "Батыс стиліндегі" шаштарға тыйым салды. Билік тіпті рұқсат етілген шаштардың суреттері мен атауларын қамтитын каталогты құрды. Сақалды қысқартудың кейбір стильдері рұқсат етілмеген заттар тізіміне енді. Өйткені мұсылмандар үшін сақалдың маңызы жоғары.
Малайзияда сары футболкаға тиым салынған
Малайзияның негізгі халқы – мұсылмандықты берік ұстанған суниттер. Елде ислам дінінің ықпалы күшті. Экономиканы дамытудың бір кепілі – темірдей тәртіптің орнығуы. Конституциялық монархияға негізделген Малайзияның он үш штаты бар.
Егер сіз Малайзияда сары футболка киесеңіз, 1 185 доллар айыппұл аласыз. Неліктен? Малайзияда көшеде наразылық білдіретін "Берси" деп аталатын белсенділер тобы бар. Айрықша белгі ретінде олар Bersih жазуы бар сары футболкалар киеді. Нәтижесінде Малайзия үкіметі сары футболка киетін адамдарға көлемді айыппұл салады. Алайда, жазусыз сары футболкаларды киюге болады. Турист болғандықтан тәуекелге бет бұрмағаныңыз жөн.
Швецияда көше билеріне тыйым салынған
Швеция – бірнеше ғасырлық тарих пен қызықты жаңалықтарға толы скандинавиялық аралдың алып елдерінің бірі.Елде дүйсенбі-жұма күндері аралығында көшеде ішіп жүрген адамдарды кездестіре алмайсыз. Ал сенбі-жексенбі күндері халықтың 80 пайызы мас болып жүреді.
Көптеген елдің туризмін дамытып отырған – субъмәдениеті. Бірақ, Швеция ол тұжырымнан аулақ. Швецияда көшеде билеуге болмайды. Билеу үшін арнайы лицензия алу керек.
Түрікменстанда қара машинаға тыйым салынған
Түрікменстан - шетел журналистері мен сарапшылары үшін жабық ел. Түрікменстанда қара түс – бақытсыздық , ақ түс – бақыт пен сәттілік әкеледі деп саналады. Ал 2018 жалдан бастап Түрікменстанда қара түсті көліктерді жүргізуге тыйым салынды. Сондықтан елде көлікті бояу қызметіне деген сұраныс артып кеткен. Ал бұл бағаның қымбаттауына әкелген.Елде 2015 жылдан бастап қара түсті көліктерді кеденнен кіргізуге тыйым салынған болатын. Ал мұны үкімет «ақ түс бақыт әкеледі» деп түсіндірген.
Суреттер ашық дереккөзден алынды