Әр қазақтың жүрек түкпірінде қалған Батырхан Шүкенов

Oinet.kz 05-08-2020 2022

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары танымал болған «А-Студио» музыкалық топтың негізін қалаушы, әнші Батырхан Шүкенов  1962 жылы 18 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келді. 

Отбасыда Батырхан ортаншы ұл болды. Ағасы және інісі, қарындасы болған. Болашақ әнші туған қаласындағы Островский атындағы №233 мектепті аяқтап, сол кезден музыкаға деген қызығушылығы артқан.

Znamenitosti-umershie-v-2015-godu-CHast-2-1.jpg

Батырхан Шүкеновтің жас кезі

Әуелгіде, Батырхан гитараны үйрене бастады. 1979 жылы музыкалық білім алу үшін Ленинградқа барып, сол қаладағы Н.К.Крупская атындағы мемкелеттік өнер институнқа оқуға түседі. Осы кезде жас жігіт бірнеше музыкалық аспаптарды үйрене бастап, сонын ішінде саксафонға деген ықыласы ерекше болды. Ленинградта Шүкенов екі жылдай өмір сүрді. 

1981 жылы Батырхан Алматыдағы Құрманғазы Сағырбаев атындағы ұлттық консерваторияға оқуға түседі. Группалас студенттерімен бірігіп таңнан кешке дейін музыканы үйрену үшін тыңбай оқитын еді. 

«А-Студио»

1982 жылы консерваторияның студенті бола тұра Батырхан Алматыда Байғали Серкебаев, Владимир Миклошив пен Болат Сыздықов сынды музыканттармен танысты. Кейіннен осы танымал музыканттар оны өз музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдіреді. Бұл өтінішті қабылдау арқылы Батырхан өмірінде ерекше өзгерістер орын ала бастады. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындай жүріп, 1983 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. 

01(3).jpg

"А-Студио" тобы

1985-1986 жылдары Батырхан Шүкенов Одақтық армияда өз қызметін атқарып, осындағы оркестр құрамында музыкалық жұмысымен шұғылданып жүреді. Ал 1987 жылы Батырхан достарымен «Алма-Ата» деген атаумен музыкалық топ құрды. Басты вокалист Батырхан өзі еді. Бұл топтың ең алғашқы альбомы «Путь без остановок» деген атаумен жарияланды. Бірнеше уақыттан соң жігіттер топтың атын «А-Студио» деп ауыстырды. 

Бұл топтың құрамында Батырхан 13 жыл өнер көрсетті. Бірақ кейін топтан шығып, жеке шығармашылығымен айналысты.

2002 жылдың 26 қазанында Батырхан Шүкеновтың алғашқы «Отан Ана» деген альбомы жарық көрді. Бұл пластинканың ішінде 10 композиция және «Отан Ананың» бейнеклипі бар еді. 2005 жылы Киевте «Евровидение» музыкалық сайысқа «Твои шаги» әнімен қатысып, дауыс беру нәтижесінде 7-ші орынды иеленеді.

2007 жылдың ортасында «Батыр Live» DVD-нің тұсаукесері болды. Батырхан Республика сарайында өзінің жеке концертін берді. Әрі 2007-2015 жылдар аралығында Қазақстан президентінің мәдени кеңесшісі болып қызмет жасады.

72312fcbfca2abf139694ae451c.jpg

Батырхан Шүкенов

2010 жылы Батырханның төртінші «Осторожно, милая девушка!» атты альбомы жарық көрді. Сонымен берге осы жылда тағы «Все пройдет», ал 2013 жылы «Душа» дискісінің тұсаукесері өтті. Жалпы, Шүкеновның 6 альбомы шықты.

2010 жылдың 7 желтоқсанында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен оған «Қазақстан өнеріндегі еңбек сіңірген қайраткер» атағы берілді. 

Батырхан Шүкенов қайтыс болып кетсе де, ол өзінің артына өшпес із қалдыра білді. Оның әндері мен бейнежазбалары әлі күнге дейін өз тыңдармандарын жоғалытқан емес. Әсіресе, «Джулия», «Письмо», «Дождь», «Нелюбимая», «Твои шаги» т.б. әндері халықтың жүрегінде мәңгі қалды. 

2015 жылда Шүкеновтың соңғы «Мне поможет весна» альбомы жарық көрді. 2015 жылдың 17 сәуірінде Батырхан Шүкенов «Авторадиода»  бүкіл одаққа танымал «Журавли» әнін орындап, жанды концерт берді. Тыңдармандары оның сезімталдығы мен шынайылығына тәнті болып, тағы да көптенген концерттер беруін сұрады. Бірақ бұл орындалмас арман болып қалып қойды. 

Жеке өмірі

Батырхан Шүкеновтің жеке өмірі жасырын болды. Заңды әйелі Екатерина Шелякова туралы мәлімет аз. Бір-бірін ерекше жақсы көрген жұптар отбасылық өмірде бақытты бола қойған жоқ. Жас жұбайлар көп уақыт бала сүйе алмай қиналды. Біршама уақыттан соң Екатерина тұңғышына жүкті болып, бірақ сәби туылған соң шетінеп қалады. 

Бұл жұбайлар үшін қиын сынақ болды. Достарының айтуынша, баласының өлімі Батырханның «А-Студио» тобынан кетуінің басты себебі болған екен. 

Арадан екі жыл өткен соң Батырхан мен Екатерина Мақсұт есімді баланың ата-анасы атанды. Өкініштісі, бірінші баласының өлімінен соң қарым-қатынасында кикілжін пайда болып, соның әсерінен екеуі айырылысып кетеді. Екатерина баласымен АҚШ-та өмір сүріп жатқаны белгілі, ал Батырхан қашықтыққа қарамай баласына әркез көңіл бөліп, оны қолдап жүрген. 

ff354c48d0.jpg

Батырхан Шүкенов, жары Екатерина Шлякова және ұлдары Мақсұт

2008 жылы музыкант Санк-Петербургте танысқан Айгерім есімді қызбен шаңырақ көтереді. Екеуінің тойлары барлық қазақтың дәстүріне сай өтеді. Туған қаласы Қызылордада беташар өтіп, сосын Түркістанға зиарат етуге барады. 

Бірақ өкініштісі, біріккен неке сәтсіз аяқталады. Біршама уақыттан соң олар өмірлік көзқарастарының екі түрлілігіне байланысты түсінісе алмай, айырылысып кетеді. 

Өлімі

2015 жылда Батырханның ресейлік танымал «Один в один!» жобасына қатысуы оны тағы танымал етті. Бірақ 2015 жылдың 29 сәуірге қараған түні Батырхан Шүкенов Мәскеуде көз жұмды. Көп өтпей «А-Студио» тобының негізін қалаушы Батырхан Шүкенов жүрек талмасынан қайтыс болғаны белгілі болды. Ол бар-жоғы 52 жаста болатын!

Танымал музыканттың мәйіті туған жеріне жеткізілді. Батырхан Шүкеновты Алматыда жерледі. Халықтың сүйікті музыкантын соңғы сапарға шығаруға 10 мыңға жуық адам келді. Оны танымал «Джулия» әнімен шығарып салды. 

5dd48cd8b895f27aa5afb8a7580645fa.jpg

Батырхан Шүкеновпен қоштасу

2016 жылы Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Душа» атты концерт өтті. Мәскеуде Crocus City Hall концерттік залында танымал музыканттың достары Ресей мен Қазақстанның белгілі шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен шара ұйымдастырды. 

Еске алу шарасында «А-Студио» тобының танымал әндері мен Батырхан Шүкеновтің жеке шығармалары орындалды.

1446976271kfsam_1000x768.jpgБатырхан Шүкеновтің моласы

Дискография 

2002 – «Отан ана»

2006 – «Твои шаги»

2007 – «Батыр Live»

2010 – «Осторожно, милая девушка!»

2010 – «Все пройдет…»

•2013 – «Душа»

Жұлдыз жорамал бойынша мінездеме
Қай елдің тәртібі ең оғаш?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу