Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені байқадыңыз?

Oinet.kz 04-08-2020 2479

Бұл тестті жасап көру арқылы өз жеке әлеміңізді жан жүрегіңізбен түсіне аласыз. Ендеше, суреттен бірінші нені көріп тұрсыз?

Screenshot_2.jpg

Кішкентай қыз

Егер сіз ең бірінші кішкентай қызды көрсеңіз, онда сіз тым еркесіз. Өмірге еркелеп жүресіз. Әркез армандарыңыздың орындалғанын қалайсыз, орындалмай қалса да ренжімейсіз. Себебі, әр істің бір қайыры барын білесіз. 

Сіз адамдарға «жоқ» деп айта алмайсыз. Бәрі сіздің осы касиетіңізді жақсы көреді. Бірақ өз пайданыз үшін кейде жоқ деп айтуды үйреніңіз. 

Көбелек

Бірінші көбелекті байқадыңыз ба? Сіздің ойыңыз да, өзіңіз де позитивке толы жансыз. Бір сөзбен айтқанда, бақыт құшағындасыз, қанатыңызды кең жайып, қалықтап жүрсіз.

Көбелектер ұзақ өмір сүру мүмкіндігіне ие болмаған. Сондықтан уақытын қызықты, пайдалы етіп өткізуге барын салады. (Әрине, бұл жерде көбелектің өмір сүру ұзақтығының адамдарға еш байланысы жоқ). Бірақ сіз де бақытты, қуанышты сәтті бағалауға, қадірін білуге тырысасыз.

Құлпынай

Құлпынайды бірінші көрген болсаңыз, сіздің жүрегіңізде жазылмас жара бар. Сіздің кішкентай кезіңізде немесе жауапсыз махаббаттың әсерінен жүрегіңізде айықпас жара бар. Өткен күннің естелігі сіздің жарқын болашаққа жетелемейді. Өткен шақтан айығыңыз, қазіргі сәтпен өмір сүруді үйреніңіз. 

Бұрын жасап көрмеген дүниелерді жасап көріңіз, оқымаған кітаптарды оқып, саяхаттаңыз. Ойыңызды басқа дүниелерге бөліп, жаман естеліктерден арылыңыз. Сонда барып жүрек жараңыз кетеді. Өмірді ерекше жақсы көресіз сол сәттен бастап.

Саңырауқұлақ

Егер бірінші саңырауқұлақты көрген жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.

Ағаш

Ағаш биіктіктін белгісі. Сіз әркез алдыңызға нақты мақсаттар қойасыз. Соған жету жолында қандай қиыншылық болмасын бәрін жеңіп шығуға тырысасыз. Сіздің осы қасиетіңізді бәрі жақсы көреді. Жұмыс ортаңызда да сыйлысыз. Кейде тек өз пайдаңызды ойлап кетесіз. Егер өзгелерге зиян келтіретін болса, бұл пайдадан бас тарту қажет сияқты. 

Қай елдің тәртібі ең оғаш?
Сәбидің тұсауы неліктен ала жіппен кесіледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу