Жан айнасы: сіз туралы көзіңіз дерек береді

Oinet.kz 30-07-2020 2074

Көптеген адамдар көздің түсі генетиканың қарапайым құбылысы деп ойлайды. Физиогномика бұл туралы басқа пікірге ие. Көздеріңіз  сіз туралы не айта алатындығын бірге білейік!

Көк көз

image.png

Көк көз -шығармашылық, эмоционалды, өзгермелі және тұрақсыздыққа бейім табиғат иесіне тән. Көк көзді адамдар тырысжан, позитивті, терең уайымға салынбайтындығымен ерекшеленеді. Кейбірі мазасыз, ашушаң мінезге ие. Оларда қандай мінездік кемшілік болса да, сүйкімді бейнесімен бір күлсе, жағдаят өзгеріп сала береді. 

Сұр көз

image.png

Ғаламда сұр көзді адамдар көп болғанымен, басқа реңктердің қоспасынсыз сұр түс өте сирек кездеседі. Егер сіз осы шағын топқа жатсаңыз, қуануыңызға болады.Ақыл -ой, ұстамдылық, шыдамдылық және еңбекқорлық бұл типтегі адамдардың жанына жақын. Сізге сенім білдіруші адамдар көп. Себебі, сұр көзді адамдар  таңдауына құрметпен қарай біледі. 

Жасыл көз

image.png

Жасыл көз иелері бизнес жоспар құруға қабілетті келеді. Қарым-қатынаста шынайылыққа баса назар аударып, адамдарға тартымды әрі жағымды аура сыйлайды. Бұл типтегі адамдар харизматикалық сипатқа ие болғандықтан әрдайым жанашыр. Сондай-ақ, жасыл көзділер перфекционизммен ерекшеленеді. Оларға шығармашылық пен басшылық жұмыстар жақын мамандық. 

Қоңыр көз

image.png

Қоңыр көзді адамдар өте көпшіл, қалжыңға біртабан жақын, креативті ойларға бай. Бірақ ашуланшақ, эмоцияға тұрақты емес, басқа адамдарды ренжітуге бейім. Қарым-қатынаста олар салғырт көрінгенімен, ішкі жауапкершілігі жоғары.  Әлемге ғашық жанармен қарап, өмірсүйгіш әрекеттерді серік етеді.

Қара көздер

image.png

Көмірдей қара көз иесі көшбасшылық қасиеттерге бай. Бұл типтегі адамдар адамдар ел назарында болуға дағдыланған. Оларға тартымдылық, харизматикалық, ұқыпсыз және өте көңілді мінез тән. Олардағы қырсықтық өте жоғары. Қара көз иелері кез келген мақсатына табандылық танытып жеңеді.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Нұрлан Нығматуллин шын мәнінде кім?
​Психологиялық тест: Гүлдің бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу