Психологиялық тест: «Суреттен бірінше не байқадыңыз?»

Oinet.kz 07-06-2020 10138

Балық. Ең әлсіз тұсыңыз жауапсыздығыңыз. Сізге көп затты сеніп тапсыруға болатындай кейіп танытасыз, алайда өзіңізге жүктелген жауапкершілікті сезінбейсіз. Сіз өмірде көп нәрседен ұтыласыз. Себебі, сіз тартыншақсыз және қарапайым нәрселерді өзіңіз таңдай алмайсыз. Өзге адамдар сізді басына бастаған сәттен сіздің жолыңыз бұлдырлана түседі. Өзіңіз ұшін шешім шығаруды үйреніңіз.  

image.png

Инелік. Байсалды және сабырлы адамсыз. Cізді кері тартатын бір мінезіңіз бар. Ол, сіздің көпшілік ортамен байланыс орната алмауыңыз. Белгілі адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін білмейсіз. Жалғыздықты жаныңыз сүйеді. Көпшілік ортамен байланысыңыз болмағандықтан сіздің жолыңыз жабық болуы әбден мүмкін. Өзге адамдармен байланыс орнатуды үйренсеңіз сізге кез келген есік ашық болады. 

Көл. Бірінші көлді көрген болсаңыз сіз белсенді, ақылды және динамикалық адамсыз. Алайда, сізді төменге тартатын бір ерекшелік бар. Ол сіздің көп сөйлейтіндігіңіз. Сіз жұмысқа орналассаңыз немесе көпшілік ортада сөз алсаңыз көп сөйлеуіңіздің салдарынан өзгелерге тыныштық бермеуіңіз мүмкін. Сондықтан, осы қасиетіңізден арылуға тырысыңыз.

Көз. Бірінші көзді көрген болсаңыз сіз нағыз шығармашылық адамысыз. Өте қабілетті және ерекше жансыз. Сіздің ең басты дұшпаныңыз - менмендігіңіз. Бұл мінезіңізден құтылмасаңыз ең сенімді әрі жақын достарыңыздан айырыласыз. Ещкімді екінші болғанды қаламайды. Өзіңізден өзнелерді төмен санауды доғарыңыз. Әйтпесе, түбінде жалғыз қалуыңыз мүмкін.

Психологиялық тест: Қай гүлді анаңызға сыйлар едіңіз?
Психологиялық тест: Қандай түсті гүлді таңдар едіңіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу