Психологиялық тест: Қай гүлді анаңызға сыйлар едіңіз?

Oinet.kz 06-05-2020 27680


1. Айналаңыздағыларға бойыңыздағы жақсы қасиеттерді ғана көрсетуге тырысасыз. Адамдар сізді шулы ортаны ұнатады деп ойлайды. Табандылығы мықты деп бағалайды. Шындығында іштей әлсізсіз. Адамдарға мықты болып көрінгіңіз келеді. Дәл қазір оптимистің бетпердесін киіп жүруден шаршаған сияқтысыз.

3e6d7afe-e154-4fa6-9ac3-f4fc062d0d7e.jpg

2. Жүйкеңізді тоздыратын дүниелерді, ақша шашуды ұнатпайсыз. Өмірден ләззат ала білесіз. Достарыңыздың ақшасын шашып, шақырған жерден қалмайсыз. Ауыр мінезіңізді өзіңізге жақын адамдарға ғана көрсетесіз. Бір қызығы, мінезіңізді жібектей деп ойлайсыз.

3. Ойыңызды өзгелерден жасыра білесіз. Бастаған істі соңына дейін жеткізесіз. Көп жағдайда қиындықтарды шешпей, оларды айналып өтуді жөн көресіз. Осы қасиетіңізге қарап, айналаңыздағылар сізді өте әлсіз деп ойлайды. Шындығында, сіз өте ақылдысыз.

4. Үнемі барлығын шабыттандырып, алға сүйреп жүретін жансыз. Ұшқыр қиялыңыздың арқасында өзіңізді де, өзгелерді де қуанта білесіз. Бір істі жүзеге асыра алмасаңыз, келесісіне оңай көшесіз. Жайдарлы мінезіңіздің арқасында кез келген ортаға тез сіңісесіз.

5. Өте сабырлы жансыз. Ештеңеге бас қатырмайсыз. Барлығын жеңіл қабылдайсыз. Уақытты әрдайым жақсы өткізесіз, өз рельсіңізден де шықпайсыз. Өмірде әркімнің өз жолы бар деп есептейсіз.

Психологиялық тест: Бірінші не байқадыңыз?
Психологиялық тест: «Суреттен бірінше не байқадыңыз?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу