Сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал

Oinet.kz 08-04-2020 1537

Тоқтылар барлығына тартымды болмақ.  Ішкі мүмкіндігі мол. Өкпе-реніштен тазарады. Тағдыр сізге жақсы көңіл күй сыйлап, қуанышты жаңалықтар әкеледі. Ойыңыз да, келбетіңіз де жақсарады. Ашылады. Мақсатыңызға жетелейді. Бірақ мақсатыңыз орасан зор емес. Қолыңызға тиген дүниенің бәрі жарқырап тұратын болады. Тіршілік тіріледі. Жұмыста сізге тәуелді немесе сізбен бірге істейтін адам біраз шу шығаруы мүмкін. Қолыңыз тимей, қауырт жұмыс көп болмақ. Ерігуге уақыт қалмайды. Эстетикалық бағытта тұрмыстағы мәселелер күтіп тұр. Ірі зат сатып аласыз. Осы айда махаббат пен бақыт жайлы көп ойлайтын боласыз. 

1554092472_7_main.jpg

Торпақтар достарының ара-жігін ажыратады. Туысқанымен қызғаныш, көзқарас, жиналған өкпе-реніштің кесірінен араздасуы мүмкін. Міндеттемелерге қатысты аралас-құралас күтілуде. Жалпы, сәуір айында сіз қытығыңызға тиетін көптеген адаммен араласасыз. Ол сіз үшін сынақ болмақ.   Сонымен қатар материалдық жағдайыңыз түзеледі осы айда. Ақша аласыз.  Сыйақы, сыйлықтар алып, қарыздарыңыз қайтарылуы мүмкін. Өткенде бетбұрыс кезеңі басталды. Көбінесе баяғыда жақын араласқан адамдарыңызбен кездесесіз. Жолыңызда көлденең тұрған мәселенің басын ашасыз. Маңызды құжатқа қол қоясыз. Жақын адамыңызбен жақын сапарға шығып қалуыңыз мүмкін. Жеке өміріңіз қуантарлықтай. 

Егіздер үмітін ақтамаған адаммен байланысын үзеді. Бұл айда жаңа соқпақ жолға шығасыз. Үйреншікті дүниеден бас тартасыз. Араласатын адамдарыңыздың шеңбері өзгереді.  Адамдарға, жұмысқа ғана емес, сонымен бірге өмір салтына ұстанымыңыз өзгереді. Аспай-саспай көп нәрсені ойланып, демалуға көңіл бөлесіз. Сәуір айында жаңа техникалық бағдарламаны меңгересіз. Ол сіздің басқа дүниелеріңізді ысырып тастайды. Жұмыста өзгерістер күтілуде. Ол көбінесе басшылар тарапынан болмақ. Қаржы мәселесі тұрақсыз, бірақ ол сізге түсінікті. Белгілі бір адамға сыйлық жасап, көңілін аулайсыз. 

Шаяндар жақын уақытта не болатынын алдын ала білсе, көңілі орнына түседі. Белгісіз нәрсе дегбірін қашырады. Сондықтан шынайы ақпарат мазасын орына келтіреді. Ресми жұмыстармен небір кабинеттерге кіреді, маңызды құжаттарға қол қояды, бір құжатты қатты күтетін болады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналған келіссөздер жүргізіледі. Қаржы мәселесі қайнап тұр. Сіздің қолыңыздан бірқатар үлкен сома өтеді. Жұмысыңыздың арқасында бақуатты адамдармен қатар жүресіз. Кәсіби салада қызықты адамдармен танысасыз. Бұрынғы танысыңызбен табысты шарт жасайсыз. Тартымды адамдармен кездесу күтілуде. Жақын досыңызбен сапарға шығуыңыз мүмкін.

Арыстандар бәсекелестеріне қарсылық танытуға мәжбүр. Өзіңіз ұзақ күткен жұмыспен айналысу мүмкін болмайды. Жаңа жұмысқа араласуға тура келеді. Күдікті адамдардан қашасыз. Айналаңыздағы адамдарға талап көп болмақ. Сәуір айында заңгерлермен кездесулер көп болмақ. Ресми кабинеттерге ріп, құжаттарға қол қойдырасыз. Сапар жоспарлайсыз. Бірақ туындаған жағдайлар сапарды іске асыруға мүмкіндік бермейді.  Сыртқы келбетіңізге көп көңіл бөлетін боласыз. Киім-кешек сатып аласыз.  Ол сәтті болмақ. Жеке өмірде түсініксіз жағдай орнайды.  Ақша, сезім, құпия кездесулер – бәрі бірігіп кететін сеілді.  

Бикештер сәл де болса тынығатын уақыт жетті. Қиын сынақтар артта қалды дей беріңіз. Дегенмен біраз мәселе шешілмесе де, ол мазаңызды алмайды. Бірақ сіз күшті сынақтан өтіп, шынықтыңыз. Кәсіби салада маңызды жаңалықтар күтіп тұр. Көптеген бикештердің өмірі өзгереді. Бұрынғы бастығыңызбен қош айтысуыңыз мүмкін. Көбісі жаңа жұмыс, жаңа қызмет орнын алады. Белгілі бір ұйымнан немесе таныс адамнан қаржылық қолдау табасыз. Сәуір айында сізде көп нәрсе өзгереді. Кәсіби салада да, ішкі дүниеңізде де өзгерістер болады. Өз өміріңіз жайлы ешкімге тіс жармайтын боласыз. Жеке өмірде жарқын сәттер күтілуде. Осы айда танысқан адамыңыз өміріңізде үлкен орын алатын болады. 

Таразылар өткенде көп күшін кетірген жұмыстарынан бәлендей нәтиже көрмейді. Міне, енді шешіледі деген нәрсеңіз тағы бәз қалпына түседі. Өзгенің уәдесіне сене бермеңіз. Тіпті ең сенімді деген серіктесіңізге де сенім артпаңыз. Өйткені көп нәрседен жүніңіз жығылып, көңіліңіз қалады. Көп еңбектенуге тура келеді. Бұл ай қаржы жұмыстарына арналған. Кез келген нәрсеге қаржы құюға дайын болыңыз. Алыстан достарыңыз келеді. Бейтаныс адамдардың арасында көп уақыт өткізесіз. Кейін олар сізбен одақтас болып қалуы мүмкін. Қысқа сапарлар күтілуде. Жасырын кездесулер сізге шабыт береді.   

Сарышаяндар ұжымдық жұмысқа, пікірлес адамдарға назарын аударады. Бірлесіп істеген жұмыс жемісін береді. Ортақ мақсат, шаруа, міндеттер, қызықты болмақ. Шығармашылық әлеует жоғары деңгейде. Жоспарланған сапар болуы ықтимал. Бұл айда келіссөздер, шарттар, тиімді ұсыныстар күтілуде. Сіздің өміріңіз маңызды бетбұрыс, өзгерістер ықпалында тұр. Көптеген сарышаяндар тұрған жерін ауыстырады. Басқасы – қызметін ауыстырады. Сәуірде материалдық жағдайыңызды жақсартасыз. Бірақ ақша түсіресіз. Сезімге бай боласыз. Ол тіпті терең мағынаға ие болуы да мүмкін.   

Мергендер өз назарын тұрмыс пен туыстарына аударады. Сәуір айы достары мен туыстарымен жиі кездесуге арналады. Үйіңізде қонақтар көп болады. Осы кезеңде тұрмыс жағдайын реттеуге көп көңіл бөлесіз. Екі қызығушылық танытқан серіктеспен бірге жұмыс істеуге тура келеді. Қысқа сапарлар күтілуде. Сізбен байланыс орнатқысы келетін адамдармен кездесесіз. Өмір салтында өзгерістер болады. Отбасындағы ересек туысыңыздан жағымсыз ахабр келеді. Қосымша міндеттер туындайды. Бөтен адамдардың жұмысын аяқтауға көмек бересіз. Қажры мәселесі өзіңіздің бақылауыңызда болмақ. Күтпеген жерден ақша түседі. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның түсіністігі мен қолдауы қанат береді. 

Тауешкілер жағдайды қиындатып, өкпесін арттырады. Сізді бірдемеге көндіру қиын-ақ. Көзқарасыңызды өзгерткіңіз келмейді. Ол қате болуы мүмкін. Айналаңыздағы адамдарға күдікпен қарайсыз. Негізі, пікір, нанымдарыңыз дұрыс емес болуы ықтимал. Содан өзіңіз ғана жапа шегесіз. Материалдық жағдайға қатысты қатты уайымдауыңыз мүмкін. Денсаулығыңыз да сыр береді. Сондықтан алдын алып, өзіңізге көңіл бөліңіз. Емделіңіз. Сәуір айында туысқандарыңызбен қауышасыз. Қуанышты кездесулер болмақ. Дастархан басында отырасыз. Отбасыңыздағы бір адамның көшу мәселесін талқылайсыз. Ақша жұмсайсыз. Жақсы дүние сатып аласыз. Мүлік мәселесі өзекті болып тұр. Ал жеке өмір бұлыңғыр. Өйткені сіз әлі шешім қабылдаған жоқсыз. 

Суқұйғыштар көздеген мақсатынан таймайды. Жаңа дүние сізді алаңдатпайды. Тек өз мүддеңізді ойлайтын боласыз. Жақын досыңызға арқа сүйейсіз. Маңызды құжатқа қол қоюыңыз мүмкін. Ол мүлікке қатысты. Тұратын жер мен көшу мәселесі толғандырады. Өзіңізбен ниеттес адаммен бірге аталмыш мәселені шешуіңіз мүмкін. Жұмыстан жақсы хабар аласыз. Басшылық еңбегіңізді бағалайды. Сыйақы, қолдау болады. Кәсіби біліктілердің санатына қосыласыз. Жолға қатысты жаңа ұсыныстар түседі. Жеке өмірде күтпеген жаңалық бар. 

Балықтар күрделі кәсіби мәселені білікті адамдарға сеніп тапсырады. Бұл айда жолға шығу, тіпті көшу жоспарланады. Пайдасы бар адамдармен араласатын боласыз осы айда. Өз мүддеңізді ойлайсыз. Маңызды құжатқа қол қойылады, кабинеттерге кіресіз. Жеке таныстық маңызды рөлге ие болады. Туыстық қатынас мазаңызды алып, алаңдатып, әбігерге түсіреді, тіпті шаршатып жібереді. Туыстарыңыз сізге өкпесін айтуы мүмкін. Жақын адамдарыңыздың арасында қаржы мәселесі талқыланып, ол жанжалға түрткі болуы мүмкін. Бұрын құпия болған нәрсе, енді күтпеген жерден ашылады. Қиын жағдайларда тек өзіңізге ғана сенетін боласыз. Жеке өмірде жаңалық жоқ. Сапарға шығып сергіп, уайымнан құтыласыз.

Суреттен не көріп тұрсыздар?
«Бесқонақ кезі» қандай кез екенін білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу