Суреттен не көріп тұрсыздар?

Oinet.kz 07-04-2020 2015

Әр адам тұлға. Қысқаша тест арқылы өзіңіз туралы қызық та пайдалы ақпаратқа қанық болу мүмкіндігін ұсынамыз. Суреттен не көріп тұрсыз?

Суреттен не көрдіңіз? » Ақмешіт жастары

Қара мысық

Сіз өзіңізді барынша жоғары ұстайсыз. Асығыс шешім қабылдайсыз, істі түбіне дейін қазбалауды аса ұната бермейсіз. Бірақ биікке қол созасыз. Сізе аздап тереңнен ойлау және мұқият болу жетіспейді. Жауапкершілікті сезініп, салмақты болуға тырысыңыз. Әйтпесе діттеген жерге жетуіңіз екіталай.

Тышқан

Аса мұқият, ойшыл жансыз, шешім қабылдауда жеті рет өлшеп, бір рет кесесіз. Сіздің бір ғана кемшілігіңіз – өзіңізге еркіндік бермейсіз. Алайда өмір тек жұмыс істеу мен алға қойған міндетті орындаудан құралмайды. Браз уақытты демалысқа да арнаңыз. Әйтпесе уақытынан бұрын өмірден өтіп кетуіңіз де ғажап емес.

Ақ-қара жолақ

Сіз үшін өмір тек ақ пен қарадан ғана тұрады. Сіз өз қиялыңыздағы идеалдарға ғана сенесіз. Жұмыста да барлығы қалтқысыз орындалуын қалайсыз. Бар мәселе осында, ештеңе де соңына дейін жасалмайды. Өмірде ақ пен қарадан өзге реңктер бар екеніне сене алмайсыз.

Жарыңыз үйге кеш келгенде... (психологиялық тест)
Сәуір айына арналған жұлдыз-жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу