Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Вупи Пай – адам жанын елжірететін нәзік торт. Бұл торттың бір тілімін жегеннен-ақ оған ессіз ғашық болып, қайта жегіңіз келіп тұрады. Нәзік торттың атауын алу үшін америнаның бірнеше Масачусетс, Нью-Гемпшир, Пенсильвания және Мэн атаулы штаттары қызғанышпен таласты. Нағыз аймақтық соғыс болып жатты. Әзіл-қалжыңға толы қақтығыс мэн билігін Вупи Пайды «Мэн штатының ресми дәм татқызатыны» деп тағайындады.
Аңыз бойынша бұл тортты штатқа неміс иммигранттары әкелген. Қажыған жұмыстан соң орлаған тағамдарды шашып, арасынан Впи Пай тортын тауып алады. Қатты қуанғаннан «Whoo! Pie!», яғни «Оо, пирог!» немесе «Оо, торт!» деп айқайлап жібереді. Сол сәттен бастап тортты атауы осылай өзгертіледі.
Сонымен, Вупи Пай торт, бәліш немесе пирог болды ма? Осыны ажырату өте қиян. Вупи Пай тортының түпкі нұсқасын шыққан елінде көрген жандар осы «тортпен» екі ересек ер адамды тойдыруға болатын болған.
Вупи Пай мөлшеріне қарай бір мезгілде торт та пирогта бола алады. Оның атауы қалай өзгерсе де құрамы өзгермек емес. Классикалық торттың рецептінің түп нұсқасында шоколодты печенье және кілегей мен май араласқан крем. Бұл торттың дәмі тіл үйіретін болады.
Ендеше, нәзік тортты үй жағдайында жасап көрейік!
Қажетті өнімдер:
3 дана жұмыртқа
80 гр. какао
420 гр. қант
200 гр. сары май
150 гр. сүт
2 шай қасық қамыр қопсытқыш
0,5 шай қасық ас содасы
0,5 шай қасық тұз
1 шай қасық сірке суы
600 гр. қаймақ
Дайындалу тәсілі:
1.Қаймақ қосылған вупи пай тортын өте қою етіп дайындау қажет. Сондықтан да қаймақты дәкеден жасалған қалтаға құйып, артық сары суын шығарып алу керек. Осы керекті заттардан 4 дана тәтті нан шығуы тиіс. Болмаса екеу пісіріп, ортасынан дөңгелектеп кесіп, төрт тәтті нан орнына пайдаланасыз.
2.Ең алдымен құрғақ қоспаларды араластырып аламыз: ұн, ас содасы мен тұзды, 2 шай қасық қамыр қопсытқышты, 80 гр. какаоны араластырамыз.
3.Бөлек табаққа 3 жұмыртқаны салып, араластырамыз да, қант қосамыз. Осы араласпаға 150 гр сүт пен 1 шай қасық сірке суын құю қажет. Сосын араластыруды тоқтатпаймыз.
4.Осы сұйық араласпаға енді құрғақ араласпаны жайлап салып, араластырамыз. 5.Дайын қамырды пергамент қағазы салынған формаға құйып, тәтті нандарды 180 градусқа қыздырылған пеште кезек-кезек пісіріп аламыз. Пісіп шыққан тәтті нандар суығанша кремін дайындау қажет.
6.600 гр. қаймаққа 200 гр. қантты салып, блендермен жақсылап араластырамыз. Содан соң дайын кремді кондитерлік қалташаға құйып, тәтті нанның арасына тамшының формасына келтіріп құйып шығамыз. Осылайша айналдыра тамшыларды құйып, ортасына кремді тұтастай жаға салуға болады. Енді тәтті нанның екіншісін кремнің үстіне қойып, оған да дәл осылай тамшылар жасайсыз. Ал, торттың беткі қабатын өз қалауыңызша әсемдесеңіз болады. Ал, жалқауланып тұрған болсаңыз, осы кремді беткі қабатына да тамшылатын құйып шығыңыз. Сонда өте дәмді әрі әдемі Вупи Пай торты да дайын!
7.Тортты 2-3 сағат тоңазытқышқа салып қойған дұрыс. Сонда крем тәтті нандарға сіңіп, дәмі кіре түседі.
Торттарыңыз дәмді болып, көңіл-күйлеріңіз жақсы болсын!