Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Италиялықтар өте ақылды халық. Италиялықтар дегенде әуелі ойымызға шулы және сезімтал, әңгіме барысында қолың көп қимылдататын адамдар елестейді. Италия мен Ресей халқының ұқсастығы көп делінеді. Ал енді бұл ұқсастықты өз еркіңізге қойдық. Ендеше, италия халқы жайлы қызықты деректерге көз жүгіртіңіз.
1. Олар өз елінің тағамдарын жақсы көреді
Бұл халықтың тағамға деген талғамы өте жоғары. Тағамды мұқияттылықпен таңдайды. Әрі фас-фуд тағамдарына күдікпен қарайды.
Италия – аспаздық дәтүрлерге бай ел. Әсіресе, үй тағамдарына ерекше назар аударады. Егер сіз италиялық отбасына қонаққа барсаңыз міндетті түрде ұсынған тағамдарынан дәм татыңыз, әйтпесе олар ренжіп қалуы мүмкін.
2. Олар кофеге ерекше құрметпен қарайды
Бұл ел кофені көп ішеді. Ас қорытуға кофенің пайдасы орасан зор деген сенім қалыптасқан. Таңғы уақытта капучино ішілсе, басқа уақыттарда экспрессо ішеді. Сондықтан, егер сізді италиялы кофе ішуге шақырса ұзақ әңгімелесуге болмайды деген ұғымды білдіреді. Өйткені, кофе ішуге 10 минут уақыт кетеді. Ал бір қызығы, біз сүйіп ішетін шәйді бұл халық ауырған кезде дәрі ретінде ішеді.
3. Италияны ұрсады
«Тағы да кептеліс», «Бұл бюрократия», «Мұндай тек Италияда ғана бар» деген сынды тіркестерді өз еліне жиі айтады. Бірақ олар өз елің риясыз жақсы көреді.
4. Отбасын құрметтейді
Бұл елдің халықы отбасын ерекше құрметтейді. Жақын туыстарына жиі хабарласып, мүмкіндік болса жиі дастархан басында жиналып, көңіл көтереді. Балаларға ерекше назар аударады. Оларды жиі еркелетеді және сирек ұрады.
5. Анасының баласы
Бұл тіркес көбіне ер адамдар қауымына қарата айтылады. Қырық жасқа келсе де анасымен тұратын ер адамдар елде жиі кездеседң. Бұл ақшаның жоқтығынан емес, анасына деген ерекше құрметтің белгісі. Бірақ, ерлі-зайыптылар арасындағы негізгі ұрыстың себебі - анасы. Өйткені, келін қайын енесімен бірге тұрғысы келмейді. «Сен анаңнанда өткен жамансың» деген тіркесті күйеуіне жиі айтады. Егерде сіз италиялық азаматтың анасына құрметсіздік танытсаңыз, сіз оны қатты ренжітіп аласыз.
6. Бәрін алады
Италиялықтар сапарға шығатын кезінде барлық заттарды өзімен алып кетуге тырысады. Италияға сапарға шығарда осы фактіні есте сақатаған жөн.
7. Олар өте қонақжай
Италия халқы қонақ күткенді ерекше жақсы көреді. Мейлі, келуіңізді ескертпесеңізде сізге арнап арнайы дастархан жаяды. Бұл біздің қонақжайлылығмызға ұқсайды екен.
8. Үйде көшедегі аяқкиіммен жүреді
Бұл бізге ерсі болып көрінуі мүмкін. Әрине, италиялықтар үйге келгенде аяқ киімің шешеді. Алайда, бұл кіре салып емес, ұйықтар алдында. Егер сіз италиялықтың үйіне қонаққа барсаңыз сізден аяқ киіміңізді ауыстыруды сұрамайды, керісінше аяқ киіммен жүре берсеңіз болады.
9. Жексенбіні отбасына арнайды
Жоғарыда айтқанымыздай, италиялықтар үшін отбасы бәріненде жоғары тұрады. Олар үшін жексенбі отбасымен уақыт өткізетін арнайы уақыт. Бұл күні олар күн ұзағына бірге болып, кешке барша отбасы мүшелері мен жақын туысқандарына арнап үлкен арнайы дастархан жаяды. Бұл мекеменің жұмыс уақытына да әсер етеді: дүкендер, шаштараздар мен сауда орталықтары жұмысың тоқтатады.
10. Жанжалдаспаңыз, талқылаңыз
Италиялықтардың өзара әңгімелесуін біздер дұрыс түсінбей қалуымыз мүмкін. Олардың сөйлеуі дөрекі болып көрінгенімен, негізінен олар өте бейбіт, сирек ұрсысады.
11. Футбол естен таңдырады
Футболды әсіресе, ер адамдар жиі тамашалайды. Ал әйелдер күйеулері сүйікті командасы үшін алаңдап жатқанда қасында болып, бірге тамашалайды. Футбол көретін кезде өз жағдалырын мұқият жасап алады: сыра, чипсы және достар ортасы.
12. Олар ұялмайды
Олар көпшілік ортада кез келген тақырыпты талдауға немесе жеке пікірін айтуға ешқашан ұялмайды. Егер сіз метроға немесе қоғамдық көлікке мінсеңіз әрқилы әңгімелердің ортасына түсесіз. Сізге ерсі көрінгенімен, олар үшін қалыпты жағдай.
13. Олар өте қызғаншақ
Ер мен әйел адамдары да өте қатты қызғаншақ болып келеді. Қызғаншақтық ғашықтардың ұрсысының негізгі себебі болып табылады.
14. Отандық өнімді қолдайды
Италиялықтар «Made in Italy» өнімдерінің басты жанкүйерлері. Бұл жерде өзге елдің заттарын сирек көресіз. Италия өздері тұтынатын негізгі өнімдерді өздері шығарады.
15. Олар барлық нәрсені әңгімелесумен шешеді
Италиялықтар өте әңгімешіл халық және жақсы сөйлейді. Кез келген мәселенң ешқандай у-шусыз әңгімелесу арқылы шеше алады. Тек заң бұзушылық болмасам болғаны.
16. Сүйкімді
Олар өте шыдамысз болып көрінуі мүмкін. Негізінен олар өте сүйкімді халық. Олардың өз еліне деген сүйіспеншілігі мен қонақтарға тек жақсысын көрсетуге деген шынайы ықыласының арқасында сіз Италияға қайта барғының келеді.