Ең танымал фильмдер

Oinet.kz 24-03-2020 1795

1. Отель Мумбаи

maxresdefault.jpg

Бұл фильм шынайы оқиғалар желісімен түсірілген. 2008 жылы Мумбайдағы «Тадж-Махал» қонақүйіне шабуыл жасаған террорлық әрекет барысы кинода бейнеленген. Бірнеше жүздеген адам кепілдікке алынған ғимиратта өмір сүру үшін үш күн бойына күреседі.

2. Я легенда

0sekkj2.jpg

Бүкіл әлем адамдарды қанды жануарларға айналдыратын қорқынышты вируспен жабылған. Тек Нью-Йорк қаласында бір адам – Роберт Невилл ғана тірі қалып, вирустың емін табу үшін жанталасады. 

3. Капернаум

orig_3.jpg

Бейруттың қараңғы жерлерінде тұратын кішкентай Зейн өзінің қарындастарына қамқорлық жасап әрі ерте жастан қара жұмыс істеп, кедейліктен зардап шегеді. Тіпті ол өз ата-анасын сотқа береді. Бір қызығы, бұл фильмдегі кейіпкерлер ешқандай да кәсіби актерлер емес. 

4. 1+1 

film-11-tonkaya-debilizaciya-pod-sladkim-sousom-6.jpg

Мүгедектер арбасына таңылған ақсүйек пен түрмеден жаңа шыққан қара жігіттің қарым-қатынасы жайлы. Қызықты оқиғалар арқылы өмірдің қадірін ұғындыратын бұл фильм әлемге танымал. 

5. Заражение

1920_1200_1732.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарымен бірлесіп белгісіз соңы өлімге әкелетін вирустың таралуын болдырмауға тырысады. Аурудың инкубациялық кезеңі өте қысқа және жұқпалы ауру тым жоғары болғандықтан оның пайда болуын анықтау қиын. 

6. Невозможное 

dc877672df313fde66a3c222168e32.jpg

2004 жылы Таиланта демалып жүрген бір отбасы Үнді мұхитындағы тосыннан болған цунамидің кесірінен зардап шегеді. 

7. Спеши любить

13.jpg

Лэндон Картер – өз мектебінің кумирі. Тәуелсіз, сымбатты ол оқуға жан-тәнімен берілген Джеймиге мән беріп қарамайды. Алайда, тағдыр екеуін тосыннан кездестіреді. 

8. Вирус

1567948743_rgk5ckkwew4.jpg

Әлдебір "вирус" Кореяның Сеул қаласында Гонконгтан келген мигрант арқылы тарайды... Дәрігерлер белгісіз "вирустың" емін таба алмай әлек. Билік күллі халықты аман алып қалғысы келеді. Ал, тым жақын жандар бірін-бірі қимай, көздеріне еріксіз жас алуда...

9. Звездочки на земле

Screenshot_1.jpg

"Дислексиямен" ауыратын кішкентай бала жайлы хикая... "Дислексия" - неврологиялық ауытқу... Бұл аурумен ауыратын адам әріптерді секіріп жүргендей көреді... Алайда ол адамдардың IQ көрсеткіші жоғары болады екен. Ерекше қабілетті әрі өзінің белгілі бір іске икемі де болады. Бұл фильмдегі бас қаһарман бүлдіршін де тап солай. Әріптерді түзу жаза алмайды, математикаға икемі жоқ, тіпті кітапты оқи алмайды... Алайда, ол суретті өте керемет салады. Ондағы ерекше қабілет сол.

10. Дыши ради нас

orig.jpg

Оның сөйлеу мәнері, табандылығы мен әзілкештігі айықпас дертті Диананы жеңді. Жас жұбайлар тойдан соң Робин қатты аурып қалатын саяхатқа бет алды. Енді тек оларды адал махаббаттары ғана құтқара алады. Риясыз сезім мен шынайы махаббат жайлы адам жанын тебірентетін ғажап фильм. 

Психологиялық тест: Қай қобдишаны таңдайсыз?
Психологиялық тест: «Суреттегі қолшатырдың бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу