Пасха тарихы және дәстүрі

Oinet.kz 11-03-2020 3205

2020 жылы 19 сәуір күнінде православтар өздерінің ұлттық «Пасха» мен «Светлое Христово Воскресение» мерекелерін тойлайды. Әдетте, православиелік Пасханың күні католик дәуіріне сәйкес келмейді: 2020 жылы 12 сәуірде болады. Бұл мереке жайлы біз не білеміз? Оның шығу тарихы, мерекеде жасалынатын дәстүрлер және Пасха 2020 мерекесін қалай дұрыс тойлау қажет? Міне, осы сұрақтарға материалда жауап береміз.

Gol-1.jpg

2020 жылы Пасха мерекесін қашан тойлайды? 

Пасха – христиандықтардың басты мерекесі. Мереке күндері жылда өзгеріп отырады, тек тұрақты – жексенбі күні ғана. Бұл мерекені 2020 жылдың 19 сәуірінде Ресей, Украина және Беларусия мемлекеттерінде ерте тойлайды. «Светлое Христово Воскресение» мерекесінің нақты күнін Александрия пасхасынан біле аласыз. Онда көптеген жылдар бойы Пасха мерекесінің күндері жазылған күнтізбе бар. 

Пасха тарихы: Христиан өлімі жіне қайта жандану жайлы не білеміз?

Негізінен Иса пайғамбар қашан өліп, қашан қайта тірілді? Інжіл бойынша жұма күні, яғни 14 нисанында (бұл яһудилер арасында көктемнің алғашқы айы) Исаны айқышқа шегелеп керіп тастайды. Бірақ 2 күннен кейін Құтқарылу - Пасха мерекесінде қайта тіріледі. 

2-15.jpg

Шіркеу тарихшыларының айтушы бойынша, Исаның өлген уақыты 30 жылда 7 сәуірге, ал Құдай Ұлының қайта тірілуі 30 жылда 9 сәуірдің таңғы уақытына тұспа-тұс келеді. Дәстүр бойынша, Мәсіхтің шәкірттері 16 нисанда (9 сәуір) таңғы уақытта қабіріне келіп қарайды, бірақ қабір орны бос болған. Барлық азап пен жауызды өлімнен кейін Иса қайта тірілді. 

«Христос Воскрес!»: жасалынатын салт-дәстүрлер

Жексенбі түн жарымында ғибадатханалар мен шіркеулерде мерекені тойлау қоңырау үнімен сүйемелдеу арқылы басталады.  Исаның қайта тірілуі туралы бұл қуанышты хабар Пасханы тойлау үшін адамдарды жинайды. Бұл күні шіркеуге барша отбасы мүшелері сәнді киімдерін киіп, Пасха тәттілері мен түрлі-түсті боялған жұмыртқалар арқылы жасалған себетті қоса ала келеді. 

4-15.jpg

Дәстүр бойынша діндар адамдар шіркеуді аралап жүреді. Қуанышты оқиғаның құрметіне шіркеулерде Голгофа (жазалау орны) ғибадатханасының безендірілуін қара түстен ақ түске ауыстырылады. Егер Ұлы Пасха мерекесінде шіркеуде емес үйде болса, пасха алдындағы жексенбі күні шіркеуден әкелінген майшамдарды жағып отырады. 

6-9.jpg

Шіркеудегі қызметтер таңға дейін жалғасып, олардың шарықтау шегі Пасха тәттілері, түрлі-түске боялған жұмыртқалар мен шарабтарды аралаумен аяқталады. Айналадағы адамдардың бәрі қуанышты болып, бір-біріне «Христос Воскрес!» деп амандасады. Сәлімге жауа ретінде «Во истину воскрес!» сөздер айтылады. Әрі мереке құрметіне адамдар бір-бірін үш қайтара сүйіп, түрлі-түстерге боялған тауық жұмыртқаларын өзара алмасады.

7-8.jpg

Мереке дәстүрлерін аяқтап болғасын барша отбасы мүшелері дастархан басында жиналып, ауыз ашу рәсімін жасайды. Барша дәстүрлер аяқталғасын: ет қосылған тағамдар мен пасха тәттілерінен дәм татааласыз. Және де пасхалық жұмыртқа шайқасы ұйымдастырылады. Бұл көңілді дәстүр әсіресе, балалар үшін өте қызық.  

8-12.jpg

Пасха символикасы және негізгі мерекелік тағамдар

Пасханың негізгі символдары – дөңгелек тәтті нан, ірімшік пасхасы және түрлі-түсті боялған жұмыртқалар. Бұл тағамдар мерекелік дастарханда міндетті түрде болуы керек, өйткені олар дәстүрлік мәнге ие.

Түрлі-түсті боялған жұмыртқалар (крашенка) Исаның қанымен боялған өмір мен әлемді бейнелейді. Тіпті мынындай аңыз бар: Мария Магдалина Тибер патшасына Қайта тірілу мерекесі құрметіне жұмыртқа сыйлайды. Патша ақ жұмыртқанығ қызыл түске боялатынына әрі өлген соң қайта тірілу болатынына сенбейді. Сол кезде ақ жұмыртқа қызыл түске боялады. Біз Иса пайғамбар жаңа өмір және адамшылық үшін өз қанын бүркігенін білеміз.

9-10.jpg 

Ірімшік Пасхасы – Аспан патшалығының прототипі және Қасиетті қабірдің символы. Оның кесілген пирамида пішіні көктегі Иерусалимді білдіреді. Ал тағамға қосылатын сүт пен бал Жәннаттық өмірдің тәттілігін білдіреді. 

10-10.jpg

Пасха тәттісі – Құдайдың адам өміріндегі қатысуы, оның қамқорлығы мен құрбандықтарының белгісі. Сонымен қатар, тәтті Иеміз денесінің белгісі, оның сенушілерге деген мейірімі мен жанашырлығы. 

11-5.jpg


Психологиялық тест: Қай орындыққа отырар едіңіз?
Қызықты 10 шырша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу