Дулат Исабеков: «Назарбаевтың бір сөзін әлі түсіне алмай жүрмін»

Oinet.kz 06-12-2021 1660

Танымал жазушы Дулат Исабеков Назарбаевтың кезінде айтқан бір сөзін әлі күнге дейін түсінбейтінін жеткізді. Бұл туралы драматург Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Дулат Исабековв..png

- Содан кейін мен біздің бұрынғы Президенттің бір сөзін әлі түсіне алмаймын, Назарбаев мырзаның. Былай өзімен талай сөйлесіп жүрмін ғой. Бизнесмендермен бір жиналысында айтты сіздерге мүмкіндік берілді, "разбогачаетесь" деді. Ал бұның арғы жағында не тұр. Одан кейін бір жиналысында айтты. Депутаттарың бар, әртүрлі қызметкерлерің бар, солардың алдында тұрып, "сіздердің әрқайсыларыңызды ұстап алып, сот орындарына тапсыра аламын" - деді. Ол неге бұлай айтты. Сонда ол адамның бәрі қылмыскер болғаны ма? Депутаттар бәрі де. Демек бірдеңені білген соң айтты ғой. Содан кейін, не ойлайсың. Япыр-ай, біздің депутаттар да, билік басында отырғандар да, ірілі-ұсақты қылмыспен, жең ұшымен жалғасып жатқан адамдар болып шықты-ау, деп ойлауға тура келе ма? Тура келеді - дейді жазушы.

Жасөспірімдерге пфайзер вакцинация қалай жүргізіледі?
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу