Отырар кітапханасын өртеген Ибн Сина ма?
Шығыстың ұлы ойшылы Ибн Синаның атағы небәрі 17 жасында-ақ әлемге әйгілі болған. Оның емдеу ісіндегі жетістіктері науқастанып жатқан Бұхар хандығы билеушісінің құлағына да жетеді. Әмірдің сарайына шақыртылған емші патшаны дертінен құлан-таза айықтырып береді. Аяғынан тік тұрған билеуші сонда Ибн Синаға қалағаныңның барлығын беремін, сұрауыңды айт дегенде, жас дәрігер:
«Тақсыр, маған ештеңе керек емес. Тек кітапханаға кіруге рұқсат берсеңіз болды» деген екен.
Бірнеше жылдан кейін атақты Отырар кітапханасы отқа оранып, ондағы кітап атаулының барлығы күлге айналады. Сонда жас ғалымды көре алмаушылар «өзінен басқа ешкім оқымасын деп кітапхананы әдейі жағып жіберді» деп, өртке Ибн Синаны кінәлаған екен.