Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Ошаған - Оңтүстіктің кез келген өңірінен табылатын ыстыққа төзімді бұл өсімдік раушангүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық тікен гүл. Біз мұны жәй тікенек деп түбімен қопарып, шауып тастаймыз. Бірақ мұның тұнып тұрған нағыз биологиялық белсенді заттардың кені екенін көбіміз біле бермейміз.
Ошағанның құрамында инулин полисахариді, протеин, эфир майлары, калий, кальций, магний тұздары, глюкозидтер, май қышқылдары, көмірсулар, фловоноидтар, күкірт құрамды қоспалар бар. Медицинада түрлі ауруларға кеңінен қолданылады. Ревматизмді, гастритті, асқазан мен ұлтабар жараларын, іріңдерді, сыздауықтарды, подаграны, геморройды, іш қатуды, диабетті, урологиялық ауруларды, жыныс жолдарының ауруларын, қуық ауруларын емдейді. Ошаған майын шаштың қуатттылығын арттыруда, төгілуінің алдын алуда пайдаланылады. Ветиринарияда да малдың ішкі құрылыстарына пайдасы зор.
Бұл биологиялық белсенді өнімге әсіресе шетелдіктер қатты қызығады екен. Табиғат бізді осындай таптырмас таңғажайып өнімдермен сыйлаған. Тек оның қадіріне жетіп, өз қажетімізге жарата білсек болғаны.
Ошағанда әбден пісіп жетілгенде жаз айларының ақырында жинайды. Дәрілікке тамыры мен жапырақтарын алады. Тамырын бөлек, жапырағын бөлек кептіру керек. Бақбаққа ұқсап гүлі төгіліп кетеді. Кепкен тамырды үгітіп, қайнаған су құйып демдеп ішілсе, асқазан, өт, бауыр ауруларына ем. Тек пайдалану үшін дәрігермен кеңескен жөн. Себебі жағымсыз белгілері болуы мүмкін.