Шашыратқы (Цикорий) туралы не білеміз?

Oinet.kz 17-01-2020 3809

Шашыратқы – Цикорий. Астарлылар тұқымдасына жататын, бір, екі және көпжылдық өсімдік. Оңтүстіктің кез-келген өңірінен табылатын бұл өсімдік жайлы түрлі аңыздар мен әңгімелер ел ішінде көп тараған. Тек таңертеңмен ғана гүлдейтін бұл  ғажайып гүл шашырап гүлдегені үшін халық оған шашыратқы деп айдар таққан. Жалпы емдік қасиеті бар бұл өсімдікті ежелде адамды көрінбейтіндей ететін сұйықтық дайындаған деген аңыз да бар. 

Screenshot_2.jpg

Ал,бүгінгі күнде мұның денсаулыққа пайдасы шаш етектен екенін медицина да дәлелдеуде.Халық емшілігінде де кеңінен қолданыста. 

Жаздыгүні басыңыздан аптап өтіп, қызу көтерілгенде шашыратқының түбінен жапырақтары мен бұтағын қоса, таңертең гүлдеп тұрғанында жұлып алып, оны кастрөлге салып, үстінен қайнаған су құйып демдеп қоямыз. Демделген тұнбаны сырқып алып, науқасты шомылтырамыз. Бір реттің өзінде пайдасы білінеді. 

Тағы да халық емшілігінде оны аллергияға, экземаға қарсы қолданады. Ол үшін шашыратқының қураған талын демдеп, денеге жағу қажет. 

Ал, медицинада шашыратқы гепатитте, иммуниеттің түсіп кеткенінде, асқазан, тоқ ішек язваларында, фурункулёзда, тіпті жүрек қызметін жақсартып, қуатын арттыруда, қант диабетіне қарсы таптырмас ем. Сонымен қатар, шашыратқы ветиринарияда да кеңінен қолданыста. Төрт түліктің асқорыту жолдарының қабынуына, бауыр ауруларына, қотырға қарсы пайдаланылады. Оның құрамында нәруыз, май, инсулин, қант, В дәрумені бар. 

Пайдаланардан алдын дәрігермен кеңескен жөн.

Ошаған (репейник) жайлы жалпы не білеміз?
Психологиялық тест: «Суреттен нені байқадыңыз?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу