Сарғалдақ - пайдасы көл-көсір гүл

Oinet.kz 01-01-2021 2337

Сарғалдақ гүлі.jpg

Сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдіктер туысының бірі –маралоты. Орманда, шіліктерде және тау теріскейлерінде өсетін оның  80 шақты түрі бар. 

Олардың кейбір түрлерінің шаруашылық мәні бар. Мысалы, сары маралоты — ылғалды шабындық жерде өседі, оның тамырынан шығатын сары бояумен жүннен және қылдан жасалатын ұлпаларды бояйды. Кіші маралотының мүшелерінен де бояу шығады, онымен түрліше заттарды бояуға болады.

Ерекше өсімдік Қазақстанның Солтүстігі мен Оңтүстік Шығысында Алтай тауларында далалы, тастақты, қиыр-шықтасты жерлерде өсетін 8 түрі бар. Көбірек тарағандары: дөң және кәдімгі маралоты. Маралотының құрамында таликсин ащы заты мен берберин алкалоиды, сапониндер мен С дәрумені, флавоноидтар мен каротиноидтар болады. Жемісінен май және жоғары май қышқылдары (пальмитин, стеарин, алеин, линол, т.б.) табылған. Маралотынан медицинада дәрі алынады. Шөбінің дәмі ащы болғандықтан мал жемейді, гүлдеген кезде маралотын емге қолдану үшін жинайды. Халық медицинасында әртүрлі ісіктерге, жарақаттарды жазуға т.б. қолданылады.

Алтын іздеп бөлтірік тапты
Әлемдегі ең ұзын адам. Роберт Уодлоу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу