Әлемдегі ең ұзын адам. Роберт Уодлоу

Oinet.kz 01-01-2021 991

Тарихтағы бойы ең ұзын адам – Роберт Уодлоу  туралы естуіңіз бар ма? Ол 1918 жылы өмірге келген. Нәресте шағында ата-анасы ешқандай ерекшелікті байқамаған. Алайда бір жасқа толар шағында салмағы 13 килоны құрап, дәрігерлер қарауына алынды. 

Әлемдегі ең ұзын адам.jpg

Уодлоу 7 жасқа келгенде өзінен 10 жас үлкен жасөспірімдерге арналған киімдерді киетін болған. 8 жасында бойы 187 сантиметрге жетті. 18 жасында заң колледжіне түсіп, қатардағы құрдастары секілді өмір сүруге тырысады. Алайда бойы өте ұзын болғандықтан көп қиындықта тап болып, ыңғайсыздықты сезеді. Дегенмен көп уақыт ұзамай  Уодлоу ағайынды Ринглингтер циркіне қосылып, "Олтон алыбы" лақап атымен өнер көрсете бастайды.

20 жасында Роберт  өздігінен жүріп тұра алмай, балдақпен жүруге мәжбүр болды.  Сол сәтте дәл осы балдақ өліміне себепші боларын ешкім сезген жоқ. Балдақ аяғын қатты қажап, жарасына инфекция түсіп асқынады. Дәрігерлер аяғына ота жасап, оны аман сақтап қалуға тырысқанымен, түк шықпады. Тарихтағы бойы ең ұзын адам 22 жасында осылайша  көз жұмды.    

Роберттің бойы өмірінің соңына дейін тоқтаусыз өскен. Оған шақ келетін киім мен аяқ-киім болмағандықтан арнайы тапсырыспен тіккізетін болған.   Бойшаң жігіт  Гиннестің  рекордтар кітабына енгенде  бойы 272 сантиметр болған. 

Сарғалдақ - пайдасы көл-көсір гүл
Құдай мен пайғамбарларды жоққа шығару арқылы өзі пайғамбарлыққа ұмтылған Ленин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу