Психологиялық тест: Сіздің тарағыңыз қандай?

Oinet.kz 15-02-2020 16674

1. Нимфа. 

Сіз нәзікті пен шынайылықтың адамысыз. Жан дүниеңіз кіршіксіз таза. Жұбайыңыз үшін шабыт беретін жансыз. Өте байсалдысыз, күлкіңіз де жарасымды, дауысыңыз қарылыңқы, және осының бәрі айналаңыздағыларды ерекше еліктіреді. Ешқашан басқаның тірлігіне килікпейсіз, сөзін бөліп, ісіне араласпайсыз.

Киім әйелдік қасиеттеріңізді айшықтап тұрады. Гардеробыңызда жэелбезек көйлектер мен белдемшелер, блузкалар басым. Сізге классикалық киімдер жат, балалармен, қайырымдылықпен айналысқанды ұнатасыз.

image.png

2. Тәуелсіз эмансипе.

Бойшаң, тік мінезді, ешқашан берген жауабынан жалтармайтын адамсыз. Жауабыңызды өзгертпейсіз, өз принциптеріңізді де басқаларға айырбастамайсыз. Досыңыз сізден үнемі шынайы, ұтымды жауаптар естігендіктен, сізбен дос болу өте тиімді.Ер адамдармен бірдей дәрежедесіз, әлсіз тұстарыңызды көрсете бермейсіз. Сіз өз-өзіңізге жауап бере аласыз, тәуелсізсіз.

Гардеробқа келетін болсақ, сіз барлық нәрседе жайлылықты ұнатасыз. Сіз үшін әдеміліктен гөрі, жайлылық аса маңызды.

3. Таңғажайып әйел.

Басқа әйелдер арасында сіз мейірімділігіңізбен және жайдарлы мінезіңізбен ерекшеленесіз. кейбір адамдар сізді тым қарапаййым деп санағанымен де, жан дүниеңіздің таза, тартымды екенін білетіндер де жоқ емес. Сіз кек сақтамайсыз және жағымсыз эмоцияларды жинамайсыз. 

Сен тамаша үй ханымысыз, әрқашан қонақтарды жылы қарсы аласыз. Сен үшін ана болу - ең үлкен бақыт. 

Сондай-ақ қараңыз: Психологиялық тест: Қай смайлды таңдайсыз?

4. Минималист.

Сіз үшін барлық жердің мұнтаздай таза жинақы болып тұрғаны өте маңызды. Иә, сіз тазалықтың адамысыз. Артық заттарды ұнатпайсыз. Сізге өтірік айтатын екіжүзді адамдар ұнамайды. Өзіңіз де адамдарды алдаудан аулақсыз. Мақтанғанды ұнатпайсыз.

Ал киімге келсек, жарасымды, өз денеңізге қонымды киімдерді таңдайсыз. Басқалардың пікірі сізді онша қызықтыра бермейді.

5. Авантюрист.

Сіз еркіндікті жақсы көресіз. Бос болсаңыз болды қыдыруға, серуендеуге дайын тұрасыз. Басқаларға көмек беруде алдыңызға жан салмайсыз. Қолыңыз сондай ашық адамсыз. Алайда сіздің пікіріңіз тұрақты емес, сондықтан сіздің жаныңызда ең жақын достарыңыз ғана бар.

Сіз жеңіл киінгенді жақсы көресіз. Сіз барынша бос, кең тұратын киімдерді дұрыс көресіз. Өйткені сіз үнемі қимылдасыз, бір орында отырғанды ұнатпайсыз.

6. Консерватор.

Сіз үшін бірқалыптылық аса маңызды. Кез келген өзгеріс сіздің ашуыңызға тиіп, көңіл-күйіңізге әсер етеді. Сіздің бүкіл эмоцияңыз жаныңыздағыларға қатты білінеді. Сізді өз әлеміңізден алып шығу мүмкін емес. Сіз бәрі біркелкі болғанын ұнатасыз. Тыныштықты жақсы көресіз.

Сізге біраз белсенділік таныту керек. Бірқалыпты өміріңізге аздаған өзгерістер керек.

7. Бизнес-вумен.

Сіз карьераңыз үшін жаныңызды саласыз. Сіз дөптеген мақсатыңызға тура кетіп бара жатырсыз. Кедергілерден қасқайып тұрып өтесіз. Сіз қалжың көтере бермейсіз. Айналаңыздағылар тіпті сізден аяқ тартады. Сондықтан достарыңыз аз. Көбіне мінезі өзіңізге сай келетін адамдармен дос боласыз.

Киімде сіз бірыңғай түстісін, классикалық үлгіде ұнатасыз. Қымбат әшекейлерді ұнатасыз. Жеке өміріңізге көп уақытыңыз бола бермейді. Бір жұмысты бастасаңыз соңына дейін жеткізесіз

Тоңазытқыш жоқ заманда вакцинаны келесі елге қалай тасымалдаған?
Арыстанның тілін түсінген жалғыз адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу