Тоңазытқыш жоқ заманда вакцинаны келесі елге қалай тасымалдаған?

Oinet.kz 16-01-2020 1065

Кезінде Еуропаның қарғысына айналған  шешек ауруынан жылына 1,5 миллион адам көз жұмған екен. Қасірет жайлаған жылдары, яғни 1800 жылы шешекке қарсы алғашқы вакцина пайда болды. Алайда тоңазытқыштардың болмауынан дәрігерлер екпені Америкаға тасымалдаудың жолын таппай әлекке түсті. 

Screenshot_64.jpg

Мұның амалын испандық дәрігер  Франциско Хавьер де Бальми ойлап тапты. Ол Испанияның жетімдер үйінен бұрын шешекпен ауырмаған жасы 3 пен 9 жас аралығындағы балаларды жинап, Америкаға аттанатын кемеге отырғызады. Кемеге отырғызбас бұрын Хавьер екі балаға екпе егеді. Теңіз бетіндегі сапар кезінде әлгі вакцина егілген қос бүлдіршіннің қолында іріңді бөртпелер пайда болады. «Пісіп-жетілген» лимфадан тағы вакцина дайындалып оны келесі екі балаға егеді.  Осылайша дәрігер діттеген жеріне дейін жетімдері тірі тізбек ретінде пайдаланып, вакцинаны әр елге тасымалдап отырған. Алғашқы экспедициядан кейін 500 мың адам шешекке қарсы егіліпті. Бұл эпидемияға тұсау болған алғашқы қадам болатын.  

Ежелгі Египетте де хирургтар болған
Психологиялық тест: Сіздің тарағыңыз қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу