Жер бетіндегі ең үлкен аралды білесіз бе?
Жер бетіндегі ең үлкен арал Солтүстік Мұзды және Атлант мұхитының ортасында орналасқан – Гренландия аралы. Аралдың көп бөлігі мұз қабаттарынан тұрады. Соған қарамай аралдың 56 мың халқы бар. Оның 14 мыңы Гренландия астанасы Нуук қаласында өмір сүреді. Гренландия аралынан айсбергтерді, алып мұзды қабаттарды, киттер мен полярлық аюларды көре аласыз. Сондай-ақ, әлемдегі ең үлкен Ұлттық парк осында орналасқан. Алайда, ол жердің жергілікті тұрғындары аралда өмір сүру өте қызықсыз дейді. Мұнда келсеңіз сіз тек ұшақпен ғана саяхаттай аласыз.