Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Тарихта қалған ел билеуші ханымдарды біз барлық жағынан мықты деп есептеп келдік. Тіпті олардың сұлулығын жеткізуде алдымызға жан салмадық. Алайда, олардың бәрі дерлік сұлу болмаған. Бірақ, олар ақыл-ойымен, парасатымен үлкен амбицияға ие болған.
Роксолана. Украина-Түркия
Роксолана ханым - өзіндік шыққан биігі бар тарихи тұлға. Толассыз ақыл-ой мен парасат иесі. Алайда, оның өмірі қарама-қайшылыққа толы болды. Ол патшайым да, ел басқарушы да болмады. Роксолана мемлекет басқармаса да, белгілі бір патшалықты иеленген адамды басқарды. Замандастары Роксолананы «әдемі емес, сүйкімді», «жас, бірақ сұлу емес» деп сипаттады. Оның қызыл шашы және кішкентай жасыл көздері болды. Роксолана сымбаты келіспеген, ұсқынсыз бикеш еді. Алайда, ол түрік сұлтанының жүрегін жаулудың жолын білді. Сүлеймен сұлтан оны көрмеді. Естіді. Бірде Роксолана түн ауған шақта ән айтып, ерекше дауысымен Сүлейменнің жүрегін мәңгілікке жаулап алды. Роксолананың ақыл-парасаты мен қайсарлылығын елшілер де жоғары бағалады. Ол бірнеше шет тілдерін біліп, көптеген кітаптар оқып, саясатпен айналысты. Роксолана біліктілігі мен стратегиялық шешімдерінің арқасында тарихта Сүлейменнің жалғыз әйелі ретінде қалды.
Елизавета I. Англия
Елизавета I Англия тарихындағы ең жұмбақ патшайым. Патшайым әпкесі Мария Кровавыйдан соң ел басқаруды қолға алды. Елизаветтаның патшалық құрған кезінде Англия айтарлықтай дамыды. Оның басшылығымен испандық «Жеңілмейтін Армада» жойылып, теңіз саудасы мен өнеркәсібі жетістікке жетті. Данагөйлік, дипломатиялық шеберлік, бірнеше шет тілдерін меңгеру, шыдамдылық пен қайсарлықтың арқасында Англия жаңа деңгейдегі алпауыт монархиялдардың біріне айналды.
Сонымен, Елизаветта қандай әйел болған? Замандастары оны қызыл шашты және ұзын мұрынды ханым деп сипаттайды. Сондай-ақ, ол жағымсыз дауыс пен нашар талғамға ие болды. Патшайым тәттілерді қатты жақсы көрді, алайда оның ауызында бірде бір тіс болмады. Сондай-ақ, ол мойнындағы кемшіліктерді жасыру үшін жағалы киімдерді киетін болған.
Тіпті, Елизаветта еркек болған деген ақылға сыймайтын болжамдар бар. Аңызға сүйенер болсақ, король Генридің ең сүйікті қызы обадан қайтыс болады. Король бұл ақпаратты өзге елдерге таратпас үшін, ер баланың үстіне Елизаветта патшайымның киімін кигізіп, таққа отырғызған деседі.
Екатерина 1. Ресей
Екатерина өз елін өркендетпеді, жаңа реформалар жүргізбеді, экономиканы көтермеді. Бірақ оның адамы орыс тарихында із қалдырды. I Екатеринананың тағдыры Золушка оқиғасына ұқсас. Ол кедей отбасында туылғанына қарамастан Ресей тарихындағы алғашқы әйел-патшайым болды. Екатеринаның балалық шағы қиыншылықтарға толы болған. Оны өзгелер ұсқынсыз әйел ретінде бейнелейді. Оның бойы кішкентай, толық және қара түсті болған дейді. Алайда, Екатерина өзінің батырлығымен және жолдасы Петрдің көңілін аулай білетін ерекше қабілетімен өзгелерден ерекшеленді. Екатерина Петр қайтыс болғаннан кейін де елді басқарып отырды. Алайда, оның кезінде ел экономикасында ілгерілеу болмады. Бірақ, соғыс аз болды және сыртқы одақтар сәтті жасалып отырды. Бастысы ол Ресей тарихындағы ең алғашқы басқарушы әйел атымен қалды.
Егер сізге табиғат сыртқы сұлулықты бермесе еш алаңдамаңыз. Айналаңызға назар салып, өзіңіздің айрықша тұстарыңызға ерекше көңіл бөліңіз. Мүмкін сізге ықпалды адамдардың назары түсіп, мықты саясаткерлердің қатарынан көрініп, ел басқару қабілетіне ие бола алатын шығарсыз.Бәлкім!