Иесіне бақытсыздық әкелген бұйымдар

Oinet.kz 03-01-2020 858

151724510618911252.jpg

Зергерлік бұйымдар – әйел жаратылысының ең әлсіз тұсы болып саналады. Әшекей талғампаздық пен көз тартарлық сұлулықты бейнелейді. Олар көзді еріксіз баурап, ақыл-ойды өзіне тәуелді етеді. Алайда, өзгелерді есінен тандырып, көзін соқыр ететін жауһарлардың өзіндік құпиясымен, ғасырларға бергісіз сырлары бар. 

«Үміт» алмазы

хоуп.jpg

Бұл гаухар тастың атауы «үміт» болғанымен,  ол өлімнің бейнесі болып саналады. Тіпті, «Үміт» алмазын жасаған шебердің тағдыры бүлініп, бақытсыздыққа ұшыраған. Сондықтан да, «Үміт» гаухары сапалық және рухани жағынан өте құнды әшекейлер қатарына енгізіліп, тек қана қоймада сақталып келген. 

«Кохинор» гаухар тасы

кохинор.jpg

  Бүгінде бұл әшекейді Элизаветта ханшайымның тәжінен аңғаруға болады. Алайда, оның негізгі қожайыны шах Джихан. Ол бастапқыда тәж және тақ иелерінің басты белгісі ретінде есептелген. Аталмыш алмаз өз иесіне сәтсіздік әкелгендіктен зындан қабырғасына таңылып, сүйіктісінің қабірі пішіндес айна қызметін атқарған. Бұл гаухарды тек қана жоғары лауазымды ханымдар мен сұлтандар ғана иелене алады деген түсінік қалыптасқан. 

Стюарт Монархтарының сапфирі

сапфир.jpg

Бұл зергерлік бұйымның да өзіндік тарихы бар. Оның иесі – Стюарттар әулетінен шыққан Мария. Гаухар тас Англия мен Шотландия арасындағы татулықтың кілті болуы керек еді. Алайда, мемлекеттер арасындағы одақтастықтың маңызды кілтіне айналған екі әшекейді патшайым өзгелермен бөліскісі келмеді. Ағылшын королдігінде Викторияның тұсында пайда болған сапфир мемлекеттің өркендеп, гүлдену жолында маңызды рөл атқарған. 

Балықшылар салған «Тау стадионы»
Тарихтағы ұсқынсыз патшайымдар кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу