Ең депрессивті күн – 5 қаңтар
Әдетте постжаңажылдық депрессияның шырқау шыңы 5 қаңтарға тура келеді. Мамандардың пайымдауынша, жылдық күнтізбедегі ең депрессивті күн нақ осы 5 қаңтар екен. Көптеген елдерде суицидтердің орын алуы, ажырасу жайлы арыздардың берілуі, психиатриялық клиникаларға түсу дәл осы күні күрт артады екен. Постжаңажылдық депрессия өзінің күші бйоынша көктемгі және күзгі асқынулардан да асып түседі. Себебі, адам күнделікті өмір сүру ритмінен жаңылып, психологиялық қиындыққа ұшырайды.
Жаңажылдық мерекеден кейінгі депрессияға түсіретін тағы бір фактор – шектен тыс тамақтану. «Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген көпшілік арасындағы қанатты сөзбен қаруланып, дастарханға жайәылған тағамдар мен тәттілерді шамадан тыс тұтынудың соңы ағзаға ауырлық түсірумен тынады. Организмнің қалыпты жұмысы бұзылады, ас қорыту жүйесіне зақым келеді. Әсіресе еттен жасалған майлы және ащы тағамдардан, тәттілерден сақтану керек. Бір отырыста түрлі тағамдардан дәм ауыз тию бір бөлек те, қатарынан бірнеше күн мереке тойлап, қонақ аралау мүлдем басқа. Сондықтан, Жаңажылдық кештен кейін ертесіне лимон қосылған минералды су, көкөніс пен жемістерді көбірек жеген пайдалы.