Қазақ балалары жасанды саусақ ойлап тапты

Oinet.kz 19-04-2017 1195

Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары жасанды саусақ ойлап тапты. Оның қызметі қарапайым, әрі өте қолайлы. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бұл таптырмас протез. Өнертапқыштар енді алғашқы туындыларын саусағы жоқ бүлдіршіннің біріне сыйға тартқалы отыр. 

izobretenie_protezov.jpg

Балалар әуелі жасанды қолдың жобасын компьютерге салады. Сосын оны 3-Д принтерінде құйып, кейін бөлшектерді бір-біріне қосып, жинайды. Ал протез қолдың білезік буынына бектіледі. Осылайша бұлшық еттің қозғалысымен саусақтар бүгіледі. Қазір оқушылар оның басқа түрін жасап жатыр.

«Қазіргі жасап жатқан қол бұдан да жақсы болады және ол кішкене басқа тәсілмен жасалған. Оған басқа материалдар керек және ол кәдімгі адамның саусақтарындай болады, әрі жақсы қозғалатын болады», - дейді қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әлішер Смағұлов.

Оқушылар бұл өнертабыстарын «Бионика» бағдарламасы арқылы жүзеге асырған. Ал мектеп әкімішілігі алдағы уақытта балаларға «Қолданбалы нейрофизиология» курсын оқытуды да көздеп отыр. Мәскеулік ғалымдар онлайн жүйесінде дәріс оқиды. Сондай-ақ лицейде жаңа зертхана ашу жоспарда.

«Алдағы уақытта осы механикалық жағдайда жұмыс істейтін протездердің нейромодельдеу арқылы, кәдімгі мидың сигналдары арқылы қолдардың өзінен-өзі жұмыс істеуін жасағымыз келеді. Алдағы уақытта осыған байланысты нейромоделист лабораториясын сатып аламыз, осымен жұмыс жасайтын боламыз», - деп атап өтті қазақ-түрік лицейінің директоры Қазыбек Елубаев. Лицей ішінде қайырымдылық клубы жұмыс істейді.

Келешекте оның мүшелері протезге мұқтаж жандарды іздеп тауып, жасанды саусақты сыйға тартпақшы. Ал дарынды жастар алғашқы өнертабыстарын тапсыратын баланы тапты. Оның екі саусағы ғана бар. Қазір протездің соңғы жұмыстары қалды.

Қазақстан Республикасының дәрiгерi ант мәтiні
Ең депрессивті күн – 5 қаңтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу