Ван Гог синдромы қайдан шықты?

Oinet.kz 01-01-2020 954

Ел аузында әйгілі суретші Винсент Ван Гогтың өз қолымен бір құлағын түбімен кесіп алыпты деген әңгіме бар. Бәлкім аңыздың тарауына бізге белгілі құлағын матамен орап алған суреті себеп болған шығар. Гогтың ісі медиктерге де әсер еткені соншалық өз-өзіне ота жасайтын адамдарға ақ халаттылар Ван Гогтың синдромы деген «диагноз» қойып алған. 

Screenshot_9.jpg

Тарихшылар қылқалам шеберінің құлағын кескенін жоққа шығармайды. Десе де ол құлағын түбімен кеспеген екен. Тек ұшын ғана тіліп алса керек. Оқиғаға қатысты екі пікір бар. Біріншісі, суретші  әріптесі әрі досы Поль Гогенмен дастархан басында аздап ішімдік ішеді. Басқосудың соңы ұрысқа ұласып, нәтижесінде Винсент құлағын «жарақаттап» алған. 

Суретші өмірін зерттеушілердің екінші нұсқасы бойынша Гоген семсерлесіп жатқанда суық қарумен абайсызда досының құлағын кесіп жіберген. Замандасын сатып жібергісі келмеген Ван Гог жұрттың бәріне құлағын өзі кесіп алғанын айтқан. 

Ең депрессивті күн – 5 қаңтар
Вакцина қалай пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу