Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Жер бетіндегі алғашқы екпенің қалай пайда болғанын білесіз бе? Француз химигі Луи Пастер құстар арасында кездесетін тырысқақ ауруын зерттеуге кіріседі. Бірде ол зертханаға бас көз болуға өзінің көмекшісін қалдырады да демалуға сапарға аттанады.
Аңғал көмекші зертханадағы тауықтарға кезекті инені салуды ұмытып, ол да оқымыстының артынан кетіп қалады. Демалыстан жайбарақат оралған Луидің көмекшісі тауықтарға ине салмағанның кесірінен оларға ауру жұқтырып алады. Біраз уақыт әлсіреген тауықтар кейіннен ғажайып орын алғандай жазылып кетеді. Бұл жағдайға куә болған химик әлсіреген бактериялар – аурудан айығудың жолы екенін ұғынады. Осылайша көмекшінің шалалығы Пастерге жер бетіндегі алғашқы екпені ойлап табуға себеп болды. Ол сібір жарасы мен құтыруға қарсы екпенің де «авторы».