Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
«Алиса ғажайыптар елінде» ертегісі дүние жүзіне танылған атақты шығармалардың бірі. Қиял-ғажайып оқиғаларға толы туындының авторы Льюис Кэррол деген бүркеншік атпен танылған Чарльз Доджсон. Әдетте мұндай шығармалардың кейіпкерлері ойдан шығарылады. Ал ертегідегі жер астындағы ғажайып әлемге саяхат жасайтын кішкентай қыз Алиса өмірден алынған шынайы кейіпкер.
Алиса Лидделл бала күнінде Лорин мен Эдит атты әпкелерімен отбасының ескі танысы Доджстонмен саяхатқа шығады. Сонда сүйкімді Алиса досына өзі және әпкелері туралы ертегі айтып беруін сұрайды. Ұзаққа созылған саяхат барысында әңгіме құрастырудың шебері Доджсон Алиса жайлы небір ғажайып оқиғаларды ойдан құрап айтып береді. Кішкентай Алисаға ертегінің ұнағаны сонша оған қағазға жазып беруін өтінеді. Көп ұзамай жазушы шығарманың баскейіпкері Алисаның өтінішін орындап «Алисаның жер астында кешкен оқиғалары» деген қолжазба кітапты сыйға тартады. Алиса бойжеткен шағында қаржыдан қатты қысылып, кәсіпкер Р.Джосонға 15 400 фунтқа сатып жібереді. Ал Джонсонның өлімінен кейін қолжазба американдық библиографтың қолына түседі. Осылайша бір күнде қиялдан туған, сиқырға толы қолжазба ел арасына тарап, оқуға құмартқан жандардың саны күннен-күнге арта түсті. Бүгінде қолжазбаның түпнұсқасы Британ кітапханасында сақтаулы тұр.
Көпшіліктің сүйікті шығармасына айналған, талай фильмдер мен мультфильмдердің түсірілуіне түрткі болған құнды шығарманың дүниеге келуіне себепші болған Алиса Лидделл 1898 жылы 80-ге қараған шағында өмірден озды.