Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін не істеу керек?

Oinet.kz 30-04-2019 990

Табан саңырауқұлақшасын жұқтырып алу өте қарапайым: себебі біз жағажайда, бассейнде, қонақүй бөлмелерінде жалаңаяқ жүреміз. Алайда аяқтың саулығын сақтау өте қиын. 

табан.jpg

Саңырауқұлақшаның ең басты жауы – иммунитет. Міне соның арқасында балаларға аяқ саңырауқұлақшаларының инфекциялары сирек жұғады. Олардың ең «жақсы көретін» жас ерекшелігі – 30 жас және одан жоғары, бұл кезде көптеген адамдардың иммундық жүйесі әлсіреу бастайды.  

Табан саңырауқұлақшаларын жұқтырып алмас үшін күн сайын табан терісіне дезодорант немесе ұнтақ жағу керек. Олар аяқты жағымсыз иістен қорғап қана қоймайды, сонымен қатар ылғалды жақсы көретін саңырауқұлақшалардан қорғайды. Сондай-ақ, ұнтақ сіздің аяғыңызды сүйелдерден де қорғайды. Моншаға барар алдында табан терісіне антимикозды әрекеті бар нәрсе жағыңыз. Бұл гель немесе крем болуы мүмкін. Дәрігерлер белсенді өмір салтын қалайтындардың және спорт кешендерінің душ кабиналарына, бассейндер мен сауналарға жиі баратындардың барлығына оларды пайдалануға кеңес береді. Спортзалда киім ауыстырған кезде еденді жалаң аяқ баспаңыз, жеңіл аяқ киімсіз душқа және саунаға кірмеңіз, солярийде міндетті түрде бір рет пайдаланылатын аяққаптарды пайдаланыңыз. Сумен жуынып болғаннан кейін табанды, саусақтарды және олардың  арасын құрғатып сүртіңіз, тек құрғақ аяқ киім мен шәркей киіңіз.

Ащы шоколадты жақсы көруге 5 себеп
Бет күтімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу